Жат ағымға жалпымыз қарсы тұрайық.

Жат ағымға жалпымыз қарсы тұрайық.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының әкімдігі, Дін істер департаменті мен ҚР Дін істері агенттігі, ҚМДБ-ның облыстағы өкілдігі және облыстық Ішкі саясат басқармасы бірлесіп ұйымдастыруында Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданы, Қордай ауылындағы мәдениет үйінде «Таблиғ Жамағаты - елге жат ағым» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

 

Конференцияда ҚР дін істері агентігінің төрағасы Лама Шариф Қайрат Қайырбекұлы, «Қазақстан қажылар ассоциясы» қоғамдық қорының төрағасы Е.Дуанаев, Тәжікстан Республикасының өкілі, ғалым Д.Назиров,  Қырғыз Республикасының Дін істері жөніндегі мемлекеттік көомиссиясының директоры А.Жұмабаев,  Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының м.а., полиция подполковнигі Н.Қалымбетов, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің профессоры Р.Бакиров қатарлы кісілер баяндама жасады.

 

Өзгеде ҚМДБ-ның оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі Сейтбеков Смайыл Сүйерқұлұлы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы, зерттеушілер мен ғалымдар, теолог-исламтанушылар, сарапшылар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіт имамдары, өңірдегі мемлекеттік орган және қоғамдық бірлестік өкілдері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқытушылары және жалпы орта мектептерде «Дінтану» пәнінен сабақ беретін ұстаздар тобы қатынасқан конференцияда Қазақстан қоғамын исламдық бағыттағы радикалдық ағымдармен (сәлафилер, такфирлер, жиһадшылар) қатар «Таблиғ Жамағаты» діни-миссионерлік ұйымының белсенділігі біршама алаңдатадығы ортаға салынса, 2013 жылғы 26 ақпанда Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының «Таблиғ жамағаты» діни-миссионерлік ұйымын экстремистік деп танып, оның  Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салған шешімінің дер кезінде қабылданған құжатына сәйкес іс-шаралар ұйымдастырып, «Таблиғ Жамағаты»-ның еліміздің заңына,  шариғи үкімдерге, ұлттық санамызға, Адамдар құқығына кері әсер келтіретін жақтарын халыққа ашып көрсетіп, діни тұрақтылығымыз бен ауыз біршілігімізді сақтау аясында пікірлер білдірілді.

 

Осы ретте,  әлемдегі түрліше болып жатқан үрдістермен қатар экстремистік қауымдастықтың кең ауқымдағы интернационалдану мәселесі де күннен-күнге алдыңғы қатарға шығып келе жатқанына қалай тосқауыл боламыз?  Өз кезегінде, экстремизм халықаралық және ғаламдық сипатқа ие болғанын көрсетеді. қоғамда белең алып отырған әлеуметтік қиындықтар мен жұмыссыздық радикалдық идеялардың кең таралуына игі әсер етеді. Сондықтан, әлемдік және аймақтық деңгейдегі діни-саяси экстремизмнің кең қанат жаюымен қатар туындайтын бүгінгі күндегі күрделі мәселелер мен үдерістерден Қазақстанның шет қала алмасын ескере отырып, жат діни ағымдардың теріс идеялары мен әрекеттеріне қарсы заңнамалық және идеологиялық тосқауыл қоюдың жолдары мен тетіктерін талқылаудың, нақты іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор екені даусыз.

 

«Таблиғ Жамағаты» діни-миссионерлік ұйымының заңсыз қызмет атқаруына жол бермеу және халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту жолдары талқыланып, арнайы қарар қабылданды. Осындай маңызды мәселелерге арқау болған конференциялар еліміздің басқада  облыстарында жалғасын табатынын ұйымдастырушы  мамандар айтты.

 

hibatulla.kz
                                                                         Көгедай Шәмерханұлы

 

../pic/korday/1.jpg

 

../pic/korday/2.jpg

 

../pic/korday/3.jpg

 

../pic/korday/4.jpg

 

../pic/korday/5.jpg

 

../pic/korday/6.jpg

 

../pic/korday/7.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: