«Қордай» мешітіндегі заманауи жетістіктер.

«Қордай» мешітіндегі заманауи жетістіктер.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіттің жалпы қызметі  халық арасында уағыз-насихат жүргізу екені баршамызға мәлім. Осындай шаралар үшін Аллаға шүкір мешітімізде компьютер, интернет сияқты заманауи  жетістіктері баршылық. Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбайдың ұйытқысымен осы  іске тағы бір заманауи жетістік LED табло (бегущая строка) «Қордай» мешітінің кіре берісіне орнатылды.

 

Көптеген кәсіпкерлер мен фирмалар LED таблоны өзінің тауарлары мен қызметтерін жарнамалау үшін қолданылса, біз мешітімізді заман жетістігін дін насихаты мен діни ақпарат беру үшін қолданамыз. Мешіттің кіре берісінде орналасқан LED таблода қасиетті Құран Кәрімнің аяттары,  ардақты елші Мұхаммед (с.ғ.с) хадисі және жергілікті уақыт бойынша намаз уақыты көрсетіледі.

 

Мешітіміз аудан орталығының басты көшесі, жеті жолдың торабы болған Жібек-Жолы көшесінде орналасқандықтан таблода көрсетілген ақпараттан көптеген тұрғындарға өз пайдасын алады деген үміттеміз.

 

Тағы бір қуанышты жаңалық мешіттің жан-жағына электр шамдары орнатылды. Аудан орталығы түн жамылған кезде, электр шамдары қосылып мешіт ғимараты жарқырап ерекше әдемі көрінеді.   Мешітке қарайласу, оның кем-кетігін түгендеу сауапты іс екені шүбәсіз. Аталмыш іс-шараға ұйытқы болған аудан имамы Ә.Шалбай мен қаржылай көмек берген жамағатымызға Аллаһ разы болсын дейміз!

 

Дәуренбек Жандосұлы,
аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: