Суық қыс аяқталып, елімізге көк оранып көктем де жетті. Әрине бұл да Аллаһ тағаланың мейірімділігінің бір көрінісі. Ендігі мақсат қар астынан шыққан қоқыстарды тазалап, әктеу және көгалдандыру жұмыстарына кірісу.
Осы істен тек қана еріншек шетте қалатынын мәлім. Ардақты елші Мұхаммед (с.а.у.) бір хадисінде: «Бір адам бір ағаш отырғызса, дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады» дейді. Осы хадисте ұран етіп Қордай ауданының Бас имамы Ә.Шалбай мырзаның ұйытқысымен мешіт қызметкерлері мен жамағат аталмыш іс-шараға кірісті.
Сауапты іс барысында мешіт ғимаратының есік-терезелері жуылып, ауласы тазаланып, мешіт ауласына жеміс және әсемдік ағаштары отырғызылды. Сауаптан құр қалмайық деп ат салысқан ағайындарға Алланың нұры жаусын деп дұға етеміз, баршаңызға Аллаһ разы болсын!
Дәуренбек Жандосұлы,
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы.