Сіздердің ең жақсыларыңыз...

Сіздердің ең жақсыларыңыз...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланың ұлы кітабы - Құран Кәрімнің әлемдік ғылымды дамытуға, адамзат баласының дүниета-нымы мен көзқарасының қалыптасуына, рухани жан-дүниесінің кемелденуі тигізген ықпалы, қосқан, келешекте қосатын үлесі өте сүбелі.


Француздың атақты хирург ғалымы әрі жазушысы  Морис  Букель былай деген: «Құранды түсіну үшін адамға энциклопедиялық білім керек. Ислам дінді де, ғылымды да бір-бірінен ешқашан ажырата қарастырмағанына мен енді таңқалмаймын». Расында, Құран бізді Хаққа жетелейтін жалғыз жол. Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп,  оны басқаларға үйреткендеріңіз», - деп айтқан. Он сегіз мың ғаламның бүкіл сыры мен жұмбағы баяндалған бұл Құран барша адамзат үшін өмір сүрудің ережесі іспетті.
Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсында 80-ге жуық  шәкірт қыздарға дәріс беріп жүрген өнегелі ұстаз Үсенова Зейнептің ұйымдастыруымен «Құран» кеші өтті. Кешке Шымкент медрресесі қыздар бөлімінің  ұстаздары Шахин Хадиша, Бөрібай Дамира, Әбдірәсіл Хадиша, Торбай Нұрия және Құдайбергенқызы Фарида қонақ ретінде қатысты.


Сауабы мол кеште сауат ашу курсында оқып жүрген Құранға түскен  шәкірт қыздарға тәж кигізу  салтанаты өтті. Барлық ұстаздар Алланың кәләмін оқу бақытына ие болған шәкірт қыздарға Құран оқу арқылы сауапты істі еш тоқтатпаңдар деген ізгі тілек-дұғаларын арнады. Жиналған шәкірттер, қонақтар және көрермердер хадис айтудан жарысып, жүректерді елжіретер  діни қойылымдарды тамашалады. Шымкенттік қонақ ұстаздар Құран оқудың артықшылығы, сауабы және отбасындағы бала тәрбиесі тақырыбында түрлі уағыздар айтып, жиналған көпшілікке тағылымы мол әсер сыйлады.


Сонымен қатар, орталық мешіттегі сауат ашу курсының ұстазы Мырзабаева Камила осы кешке дайынап келген өз баяндамасында: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) Құранды үйренген әрі  үйреткен, бұйрықтарын толық орындаған адамды жұпар иісті әтірге бағаласа, Құраннан алыстардың жүрегін құлағалы тұрған үйге ұқсатқан», - деп атап өтті.  Ал, сауат ашу курсының тағы бір ұстазы Шадиева Зәуре: «Қашан үмметтен Құран көтерілсе, сонда шекарасы тартылады, әріптері, аяттары ұмытылып, үкімдеріне амал істеу тасталады. Сондықтан Құран Кәрімдегі уәжіптерімізді үйреніп, дұрыс амал істеуіміз керек», - деп, көпшілікке салмақты ой тастады. 
Мұсылмандардың көкірек нұры, көңілдерінің көктеміне айналған ұлы Құранның қадірі мен қасиеті жайлы насихатталған  бұл кешке жиналған апа-апкелер мен қыз-келіншектер өте тамаша көңіл-күйге, әсер-ықпалға ие болып қайтты.  Кеш соңында қонақ ұстаздар мен  шәкірттер, жиналған көрермендер естелік ретінде суретке түсіп, кешті ұйымдастырушы Зейнеп ұстазға алғыс-тілектерін білдірді. 


Расында, осындай әсерлі кештің куәсі болуды маған да нәсіп еткен Жаратушымызға сансыз шүкірліктер айта отырып, «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсының ұстаздарына ақиқатты таныту жолында Алланың разылығына ие болыңыздар деген тілекпен шексіз  алғысымды білдіремін.

Лаура Алмаханова,
Тараз қаласы.

 

http://gifok.net/images/2013/04/04/Eqbdh.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/04/04/bq5Al.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/04/04/NnUpJ.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: