Ортақ мүдде Ұлттың ертеңін ойлау.

Ортақ мүдде Ұлттың ертеңін ойлау.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы  Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ның «Жастар сарайында» Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен облыс жастар ұйымдары және жоғары оқу орындарының белсенді жастар бірлесіп өткізген «Дін және қоғам» атты конференция өтті.


         Қонференция қонағы ретінде,  Облыстық дін істері департаментінің маманы, Н.Қабылов, дінтанушы, Т. Тұрғанқұлов, Ф.ғ.к. дечент, жас ғалым, П.Мәмедова, «Жас патриод» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Мөрбеков. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажыда қатысып қайтты.


        Конференцияда жастардың мәдениетаралық коммуникатикативтік кеңістігін қалыптастыру, дінаралық сұхбат және Қазақстан аумағында діни экстремизм мен терроризмге қарсы жастарды біріктіру, жастар арасында діни экстремизм мен терроризімнің алдын алу бойынша желілік жобалар әзірлеу, әлемдік геосаяси әрекеттік мәселесіне жастарды тарту, қарама-қайшылықтар мен сенімдерді, әлеуметтік-мәдени кдергілерді жеңу жолдары талқылау мақсатында өткізілді.


       Өкіл имам  Жұмабаев Данияр қажы конференцияда « Бүгінгі таңда, қоғамдағы ойландырып жүрген мәселелердің бірі, заң бұзушылық, дінге қара жапқан жат пиғыл топтарың кесірі алаңдатады. Әуелі жастарымзды Отан сүйгіштікке баулу үшін, ата-анасын сыйлаудан бастау керек. Дініміз ислам адам баласын бөліп қарамайды. Барлық адамның бейбіт тыныш өмір сүруін, нағыз адамилық қасиетін қалыптастыратын мектеп. Ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі жолды онан ары жалғау жалынды жастардың  еншісінде болмақ. Сол үшін алдыңғы толқын ағалар, зиялы қауым, дін өкілдері мен имамдар, соңғы толқынға дұрыс бастама жасап, бағыт-бағдар беріп отырса, жүк жеңілдеп, көш керуеніміз бір сәтке тоқырамас болар.

Дінін ардақтап, қасиетін ұғынған халықтың болашағы нұрлы, Алласын таныған пенденің алды ашық болмақ. Дінді түсінбеген, жеке пайым  көзқарасына берілген адамның кесірі өзінеде, өзгегеде тиері даусыз, сондықтан ортақ мүде, бір тілек, бір ниетте болсақ, сара жлолдан адаспаймыз»,-деп айтып өтті.
                                                                                                                     

Көгедай Шәмерханұлы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: