Жастарды жақсылыққа шақыруда ізгі амал.

Жастарды жақсылыққа шақыруда ізгі амал.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты, Тараз қаласы Тұрар Рысқұлов ауданы  «Сұлтан»  мешітінің бас имамы Жадраев Сұлтаншәріп қажы,  Құлан ауылы № 1- мектеп лицейінде,  оқушылары арасында ұйымдастырылған  «Діни экстремизм-ақиқат діннің жауы» атты жиналысқа қатынасып,  мектеп оқушыларына ғибаратқа толы ақыл - кеңестерін айтты.


       Жас жеткіншектердің бүгінгі таңда жаппай, ұялы телефон ұстап жүретіні бәрімізге белгілі. Дейтұрғанмен осы кішкентай хабарласу құралы арқылы да, тұтас ғаламда болып жатқан, жақсылық-жамандықтарды да көруге болатыны алаңдатады. санасы жетілмеген, ойламы таяз, ақ пен қараны ажырата алмайтын жастарға бұл күнде індет болып отыр. Сол үшін әр атана бала тәрбиесін мектептен ғана күтпей, отбасында дұрыс бағыт бағдар берген болса құба-құп. Осындай мәселелер талқыланған кездесуде, Сұлтаншәріп  қажы,  бала біздің ертеңіміз, дініміздегі отбасы туралы, бала тәрбиесі туралы үкімдерді атап, келешек ұрпақтың санасына имани тәрбие берілсе, ешқашан адасып, теріс ағым жетегінде кетпейтінін түсіндірді.


Тұрар Ырысқұлов ауданы мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: