Наурыз мейрамы қарсаңында Қордай ауданы Қақпатас ауылының орта мектебінде «Дәстүрлі дін» атты жиын ұйымдастырылды. Жиналысқа осы мектеп директоры С.А. Жакенова, мектеп директорының орынбасарлары Н.С. Бактыгулов, М.С. Әлмежанова, ауыл имамы Ж. Танекеев және аудан орталығынан арнайы келген аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы Д. Жандосұлы және 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Беташар сөзін мектеп директоры С. Жакенова алып жиналысқа келген қонақтармен таныстырып тәуелсіз елімізде орын алып жатқан жағдайлармен таныстырып өтті. Келесі болып ауыл имамы Ж. Танекеев мырза сөз сөйлеп жалпы дін деген түсінікті ашып беріп, аудан орталығынан келген Д. Жандосұлына сөз кезегін берді.
Сөз алған аудандық мешітінің баспасөз хатшысы Д.Жандосұлы жалпы Ислам сөзіне тоқтап, оның бойұсыну, бейбітшілік деген мағына беретінін түсініп, тұрлі қоғамға қарсы ұйымдастырылып жатқан террорлық іс-әрекеттер ислам дініне еш қатысы жоқ екенін ескертіп, аталмыш қылмысқа барып жатқан адамдар Ислам дінінің шапанын жамылып, дін атына кір келтіргеннен басқа еш нәрсе емес екенін түсіндірді. Сөзін жалғастыра келе Д. Жандосұлы жиһад сөзіне тоқтап оның мағынасын ашып беріп, ардақты елші Мұхаммед (с.ғ.с) нағыз жиһад өз нәпсіңмен күрес деген хадисін түсіндірді.
Дәстүрлі дінді ұстанудың қажет екенін айта келе теріс пиғылды, елімізде экстремистік деп танылған «хизбут-тахрир», «таблиғ жамағат» және т.б топтардың зиянын түсіндіріп, Әбу Ханифа мазһабы бойынша ата-баба діні Исламнан алшақтамауға шақырды. Ата-ананың қадірі мұсылман мен мұсылманның арасындағы сыйластық, өзге дін өкілдерімен қарым-қатынас сияқты мәселелерге Д. Жандосұлы тоқталып өтті. Жиналыс барысында мешіт қызметкерлеріне оқушыларды және жалпы мұғалімдер қауымын мазалап жүрген көкейкесті сұрақтар қойылды. Мысалға келтірсек Наурыз мейрамын тойлауға болады ма? Тәуіпке баруға болады ма? Орамал тағу сияқты сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға шариғат негізінде, ҚМДБ-ның пәтуалары негізінде жауап берілді.
Аталмыш жиын қызықты өтіп ұстаздар қауымы мен оқушылар келген мешіт қызметкерлеріне алғыстарын айтып, осындай кездесулер жиірек өткізу қажеттігін атап өтті. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Әлмежанова ханым оқушыларға аталмыш жиыннан алған пайдалары жайлы шығарма жазуын үй жұмысы ретінде тапсырды. Дін деген насихат демекші, мінекей осындай жиындар арқылы жасөспірімдерді ата-баба дініне баулый отыра, жат ағымдардан сақтана аламыз.
Аудандық «Қордай»
мешітінің баспасөз қызметі.