Арнасы таза бұлақтан, әркім алар қалауын.

Арнасы таза бұлақтан, әркім алар қалауын.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлының ұйымдастыруымен ауылдық жерлердегі имамдардың біліктілігін арттырудың екі айлық курсы аяқталды.

 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың - Құранды өздері үйреніп, сосын оны басқаларға үйреткендерің» (Бухари 5027),  деп келеді. Бұл адам білімді өзі үшін ғана үйренумен шектелмей, жемісті ағаш секілді басқаларғада алған білімінің жемісін силау керектігі меңзесе керек. Өзің жеткен жақсылыққа өзгеніде жетсін деп шақыру шынай мұсылман баласының асыл қасиеті. «Білімдіден шыққан сөз - талаптыға болсын кез» деп хәкім Абай айтқандай, асыл дініміздің құндылығын арттырып білікті мамандар даярлап келешек ұрпақтың санасына иман нұрын ұялату әрқандай дін өкілдерінің міндеті болып саналмақ.


 
Осы негізде медресеміздің жанынан имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында курс ашылған болатын.  Екі айлық курс басында жалпы 21 адам арнайы медреседе жатып білікті ұстаздардан сабақ алып, біліктілігін арттырды. Сабақ барысында бүгінгі қоғамдағы теріс ағымдарға қарсы тұру жолдарын қарастыру, Қазақстанда ұстанатын Ханафи бағытындағы ақида турасында дәріс берілді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның арнайы сараптауынан өткен оқулықтарды тереңдете түсіндірді. Курсқа қатысқандардың мінез-құлқы орнықты халықпен етене ынтымақта болуға күрделі мәселеге жолыққанда жеке көзқарасқа салынбай ҚМДБ-ның қаулысына сәйкес жұмыс жүргізіп, ортаға ұйытқы болу жолдарын көрсетіп, бағыт-бағдар берілді.

 

Сабақта пайғамбарлар өмірі  және Құранды мәнерлеп оқу тәжуид, ақида сабақтары, иман негіздері жұма уағыздары, құрбан айт құтпасы, неке дұғасы жаттатқызылды. Курс соңында арнайы игерген білімдері бойынша сынақ алынып көрсеткіштері анықталды.  


  

 Көгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: