Жамбыл облысытық әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен діни депертаментінің арнайы жетекшілік етуімен Тараз қаласында, БАҚ өкілдері қосыла үгіт- насихат тобы құрылып, облыстағы жоғары оқу орындары мен колледждерде кездесулер өткізілді.
Үгіт насихат құрамында, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы, облыстық Дін істер департаментінің жетекші маманы Әбдікәрімов Кеңес Мұхамедкәрім, облыстық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Дәуренов Әмірбек, ТарМПИ-дің «Дінтану» орталығының жетекшісі Тұрғанқұлов Таңжарық қатарлы кісілер болды.
Үгіт-насихат тобының жұмысы алдымен, Тараз қаласындағы іргелі оқу орынының бірі ТарМПИ-дің студенттерімен кездесуден басталып, «Парасат» колледжінде, ТИГУ-дің студенттері акт залында жалғасын тапты.
«Нағыз отаншылдықтың басты өлшемі біздің зиялыларымыздың адалдығы мен әділдігінде, елі мен халықының алдындағы парызын терең түсінуінде»,- деп Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, барлық саланың саналы өкілдері өз қызметін қызу сүйіп Отан үшін тер төксе бақытымыз ортаймас болар», - деп сөзін сабақтаған өкіл имам Данияр қажы, сөз кезегінде, «Бейбіт еліміздің тыныштығын сақтап, тәуелсіздігімізді баянды ұстау, әрбір Отандық азаматтардың көкейіндегі арманы. Айрандай ұйыған берекені іркіттей ірітпек болған, заңсыз керағар топтардың алдын алу үшін, барлық адам сауатты болуы керектігі, сонымен қатар діни көзқарастың ашық болуын, ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан асыл дініміздің қасиетін сезініп, қоғамдағы келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін жалпымыз атсалысып, заңсыз ағымдарға тек дін өкілдері ғана емес, тұтас қоғам атсалысса, жастарымыздың санасына дініміздің қасиетін жеткізе алсақ, бұрмаланған теріс ағымдарға кетпеген болар еді. Дін халықтан, ортадан ешқашан алыс нәрсе емес. Дініміздің басты құндылығының өзі ауыз біршілк, ынтымақ сүйіспеншіліктен тұрады. Дәстүрлі ислам жолынан ауытқымай, жаһандану деген алапат күштің кері әсеріне жұтылып кетпей, санамызды сау ұстап, еңсемізді тік көтеріп жүру үшін қамалымыз иман болады. Әрқандай білім ізденуші көкейіндегі сауалын сол білімнің маманынан сұрайтыны секілді, дін турасындағы пікірлерді арнайы имамдармен мешіттерден келіп ұғысқан абзал», - деп түсіндірді.
Үгіт насихат тобындағы мамандарда ел арасында толғандырып жүрген мәселелер болса, ортақ ақылдасып шешім жасау, заңсыз діни лаңкес топтарға қарсы тұра алатындығымызды, еліміздің өркендеуі үшін жастардың жалықпай білім алуы керектігін жеткізіп, студент жастармен ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Көгедай Шәмерханұлы.