Ауыл молдалармен жиын өткізілді.

Ауыл молдалармен жиын өткізілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жоспарға сайкес Талас ауданы «Қаратау» орталық мешітінде ауыл молдаларымен жиналыс өтті. Жиын басында аудан имамы Н.Алиев ауыл молдаларына жаңа сайланған мүфти жайлы сөз етіп, дін жолындағы қызметімізді  одан әрі өрбітуге  біргелікте  атсалысу керектігін жеткізді.


Сонымен қатар Елбасының ҚМДБ  өкілдерімен  кездескендегі  бірқатар тапсырмалары мен ұсыныстарға  жеке-жеке тоқталып өтті. Ауданымызда діни ахуалға атап айтар болсақ, кері  ағымдар мен дәстүрлі дініміздің  аражігін  ажырату мақсатында халықтың діни сауатын ашу керектігі тілге тиек етілді.
Тұрақты түрде мешіт молдаларын ҚМДБның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы  Д.Жұмабаевтің  бекіткен жұма намазының уағыз-насихатын жүргізу бойынша  жылдық  тақырыптық тізімі  берілді. Күнделікті 5 уақыт намаз барысында мешітте болып, намаздарды өткізілу тәртібіне бақылау жасауды, сонымен бірге әр мешіт шәкірттері санын арттыру  қажеттігін насихаттады. Әр молда өз қызметіне жауапкершілікпен қарап,  жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, ислам дінінің атын жамылған кері ағымдарға тосқауыл бола білу керектігін тапсырды. Осы тұста тиым салынған  ағымдар  қатарына  енген «Таблиғи жамағаты» туралы кеңінен тоқталып өтті. Ауыл молдаларынмен аудан деңгейде  семинар өткізу жоспарлануда.

Н.Алиев,Талас ауданының

бас имамы.                   
 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: