Үгіт насихат тобымен өткізілген жиналыс.

Үгіт насихат тобымен өткізілген жиналыс.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

14 наурызда Қордай ауданына  облыстық ішкі саясат және дін істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша  департаменті қызметкерлерінен құрылған үгіт-насихат тобы келді. Топты дін істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы бастап келді. Аталмыш топ  мүшелерін Қордай ауданының Бас имамы Ә.Шалбай күтіп алып,  аудандық мешітпен аралатып, мешіттің жұмысымен таныстырды.

 

Оқиға жалғасы аудан әкімшілігі ғимаратында орын тапты. Сол күні аудандық әкімшіліктің ұйымдастыруымен «Дін және діндегі радикализм» атты жиын болды. Аталмыш жиынға Қордай ауданы әкімінің орынбасары Жаманкөзев Б.Т, облыстық ішкі саясат басқармасының маманы Оразбаев А, дін істер агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің маманы Есмаханов Е, Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай,  аудан имамдары, мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру ошақтарының,  яғни бала-бақша мен мектеп жетекшілері, түрлі саладағы мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Жиналысты облыс орталығынан келген қонақ  А. Оразбаев бастады. Өз сөзінде ішкі саясат басқармасының маманы Оразбаев А «ұлттық дін», «секта» сияқты термин сөздерге тоқталып, халықтың көптеген адасушылықтарға ұрынып, тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда «жаңбырдан кейін саңырауқұлақтай» қаптаған түрлі ағымдар мен секталардың зиянын ашып көрсетті.

 

Аталмыш секталардың, ағымдардың бірақ мақсаты бар екені ол ел ішінде іріткі салу екендігі айтылды. Сақал жіберу мен орамал тағу сияқты  Ислам дініне лайықты діни ерекшелігі бар адамдар міндетті түрде «экстремист немесе террорист» еместігі  ескертілді. Осындай азаматардан шошынудың немесе үркудің қажеті жоқтығы аталып өтті. Жас балалардың түрлі ағымдармен араласып олардың құрбаны болмасы үшін ата-аналардың баларының жүріс-тұрысын қадағалау қажеттігі ескертілді.


Сөз кезегін дін істер агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің маманы Е.Есмаханов алды. Е.Есмаханов  мырза  1992 жылы қабылданған «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» заңының кемшіліктерін айтып, сол кемшіліктердің себебінен елімізде көптеген жат-жұрттық ағымдардың пайда болып, тамыр жая бастағаны ескеріліп аталмыш заң 2011 жылы өзгертіліп, қайта қабылданағанын айтып көрсетті. Маман жаңа заңмен таныстырып олардың біршама баптарына тоқталып өтіп, облыстағы діни ахуалмен таныстырды.

 

Е.Есмахановтың келтірген мәліметі бойынша Жамбыл облысы бойынша діни ұйымдар қайта тіркеуден өтпей тұрған уақытта 428 діни бірлестік қызмет етсе, қайта тіркеуден кейін тек 306 діни бірлестік қалғандығын айтып, оның ішінде 267 ҚМДБ-ға тиесілі филиалдар екенін атап кетті. Діни алауыздықтың алдын-алу тек қана діни білім дәрежесін көтеру арқылы  шешілетіндігін айтып, ол үшін имам-молдалардың қызметін күшейту керектігін ескертіп, сауат ашу кішкентай ғана нәрседен басталатынын айтып  мысал ретінде бүгін ғана көрген көрінісін айтты. Е.Есмаханов мырза «Қордай» мешітінде бесін намазынан кейін пайғамбарымыз Мұхаммад (с.ғ.с) бір хадисін оқып оны мешіт қызметкерлерінің шарықтап бергенін көріп қатты қуанғанын айтып, тек қана аталмыш мешітте ғана осы істің куәсі болғандығын атап өтті. Естеріңізге салар болсақ осы игілікті іс яғни,  бесін намазынан кейін хадис айту ҚМДБ-ның бастамасымен осыдан екі жыл бұрын қолға алынған.


Өткен жиналыстан түйген ойлар мен алған әсерлер көп екенін жиналған азаматардың тарасқан кездегі сұхбаттарынан-ақ байқадық. Жаратқаннан біздерді, үй-ішімізді, халқымызды секталардың шырмауынан, ағымдардың арбауынан сақтауды тілейміз.


Дәуренбек Жандосұлы
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз хатшысы

 

../pic/foto/кордай1.jpg

 

../pic/foto/кордай2.jpg

 

../pic/foto/кордай3.jpg

 

../pic/foto/кордай4.jpg

 

../pic/foto/кордай5.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: