Жамбыл облысы бойынша құрылған насихат тобы Жуалы ауданы бойынша кездесулер өткізді.

Жамбыл облысы бойынша құрылған насихат тобы Жуалы ауданы бойынша кездесулер өткізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше  Жамбыл облысы бойынша құрылған насихат тобы  Жуалы ауданы бойынша кездесулер өткізді.  Ақсай ауылдық округіне қарасты Қайрат ауылындағы  «Қайрат» мешітінде  халықпен  кездесті. Кездесуге ауыл қариялары, мешіт имамдары және жамағаттары, сондай-ақ дінтану пәнінің мұғалімі Сүлейменова Дамира және Ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.
Насихат тобының  басшысы, Жамбыл облысының өкіл имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы жамағатқа дін тақырыбында насихаттар айтты.

 

Еліміздің  діни және саяси ахуалдары туралы сөз қозғады. Әсіресе, соңғы кезде заң жүзінде тиым салынған «Таблиғи жамағат» ағымы туралы жамағатқа егжей-тегжейлі айтып берді. Ауыл ақсақалдарының атынан Әбілқасым қажы  облыстан келген насихат тобына өз алғысын білдіріп, біздің ауыл жат ағымдардан аулақ, жамағатымыз ынтымақты, ауыл имамына бойсұнады деп қорытындылады.


Насихат тобы сағат 11:00 де Қарасаз  ауылдық округіне қарасты Қарасаз ауылындағы №6 Пушкин атындағы  мектепте  ары қарай насихат жұмыстарын жалғастырды. Кездесуге  ауыл әкімшілігі, аудандағы мектептердің  тәрбие  жөніндегі мамандары, дінтанушы мұғалімдер, ауыл ақсақалдары, ішкі саясат бөлімінің мамандары, ауыл молдалары және мешіт жамағаттары, аудандық «Жаңа өмір» газетінің журналистері қатысты. Жамбыл облысының өкіл имамы Жұмабаев Данияр қажы сөз барысында еліміздегі діни ахуалды сараптай келіп, ата-дәстүрімізге   негізделген ханифи мазхабының артықшылығын тілге тиек етті. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарына тұшымды түрде жауап берді.


Түстен кейін насихат тобының жұмысы  Нұрлыкент  ауылдық округіне қарасты Нұрлыкент ауылындағы  №5  Ломоносов  атындағы  орта  мектепте  жалғасты. Басқосуға ауыл әкімшілігі, ауыл қариялары, мектеп мұғалімдері, ауыл молдалары қатысты. Бұл жерде де жиылған жұрт облыс имамы Жұмабаев Данияр мырзаны ұйып тыңдады. Жиын соңы алма кезек сұрақ-жауаппен пікір алмасуға ұласты.


Жалпы бүгінгі атқарылған насихат жұмыстары жемісті болды деген ойдамыз. Өйткені жиылған жұрт тарапынан сұрақтар қойылып, көңілге қонарлық тиісті жауаптарын да тапты.

 

А.Кенжемолдаев,
Жуалы ауданының бас имамы.                

 

../pic/img/жуалы1.jpg

 

../pic/img/жуалы2.jpg

 

../pic/img/жуалы3.jpg

 

../pic/img/жуалы4.jpg

 

../pic/img/жуалы5.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: