Қордай ауданындағы Қызыл партизан ауылында орналасқан «Рахман» мешітінде аталмыш мешіт имамы А.Малдыбаевтың ұйымдастыруымен Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) салған сара жол, мұсылман үмбетіне сүннет болған ер балаларды сүндетке отырғызу рәсімі атқарылды.
Аталмыш іс-шара әдетке айналған жақсы іс болғаны қуантарлық. Ақан имам сүндетке отырғызу рәсімінің маңыздылығын жиналған қонақтарға түсіндіріп, оның гигиеналық және т.б пайдаларын ашып көрсетті. Осы істің жауаптылығын ескере отырып, оған арнайы медициналық тәжірібиесі бар маман шақырылды.
Сүндетке отырғызылу үшін 15-ке жуық 5-6 жас аралығындағы балалар ата-анасымен, кейбіреулері ата-әжесімен келді. Ата-аналардың тебіренісі қатты байқалып тұрды. Аллаға шүкір сүндеттеу рәсімі ешбір қиындықсыз өтті. Сүндетке отырғызу аяқталған кезде имам, сүндеттелген балаларға батасын беріп, олардың ата-баба діні Исламға берік болып, Отанына, халқына қызмет ететін, ата-анасын құрметтейтін ұлтжанды, нағыз мүмін азаматтар болуын Жаратқаннан тіледі.
Дәуренбек Жандосұлы,
«Қордай» аудандық мешітінің баспасөз хатшысы.