ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла-Тарази» орталық мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаевтың ұйымдастыруымен, облысқа қарасты барлық қала, аудан бас имамдарының басын қосқан арнайы жиналыс болып өтті.
Жиында өкіл имам Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада ҚМДБ-ның облыстар бойынша өкіл имамдарымен кездесуде имамдарға жүктеген міндет, тапсырмаларын айтып, еліміздегі ислам дінінің дұрыс бағытта дамуына және соның ішінде тек ханафи бағытыда жұмыс атқарылса, осы жұмысты өрге сүйреу дін мамандарының біліктілігіне байланысты, сол себептен имамдар өз міндетін дұрыс түсініп, халыққа жетекші болуы керек деген сенімін білдіргенін айтқан болатын.
ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы бойынша, мемлекеттік органдармен рухани-ағартушылық және әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты нығайту, исламдағы дәстүрлі бағыттың қайсысы дұрыс екенін түсіндіріп, халықпен пікірлесіп, қоғамның ертеңгі болашағы болатын жастармен жұмыс жүргізуді, қоғамдағы конфессияаралық татулық пен этносаралық келісімді нығайту, ауыз-біршілікті сақтап, әрқандай істе болсын жүйелі байлам, тура шешім, ақылды ойламмен ғана жүзеге асырудың жоспарын құрып іс-шараларды атқаруды имамдарға жүктеді. Сонымен қоса ауыл молдаларының діни білім деңгейін тексеріп, білімін жетілдіру жолдарын қарастырып, олардың білім алуына жағдай жасау керектігін имамдарға жүктеді.
Жаңа басшының жаңа ұсыныстарын қолдап-қуаттасақ, барлығымыз жұдырықтай жұмылсақ, дініміздің өркендеуіне жалықпай атсалыссақ, ол біздің текті қасиетіміз саналмақ, дей келе, бүгінгі таңда ортамызда асыл дініміздің қасиетіне тас ататын, кереғар топтар мен бүлікшілерден сақтанып, елдің арасына ірткі салып тыныштық бұзғысы келетін жат ағымдарды жолын тізгіндеу үшін, ақыл мен білімді тең ұштастыра алсақ. Әрқандай имам бір іске шешім шығарарда, мүфтият кеңесіп отырып атқарса. Жеке көзқарасқа салынбай, ортақ мүддеге ой жүгірткені жөн болатынын жеткізді. Жиналысқа келген имамдарда өздерінің ұсыныс-тілектерінде жеткізіп, ауылды жерлердегі имамы жоқ мешіттердің жағдайын да атап өтті.
Көгедай Шәмерханұлы.