Халық дәстүрі - ұлттың келбеті.

Халық дәстүрі - ұлттың келбеті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданындағы Балалар мен жасөспірімдер орталығында 27-ақпан күні Нұр Отан ХДП-ның ұйымдастыруымен «Халық дәстүрі - ұлттың келбеті» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Нұр Отан ХДП-сы аудандық төрағасының орынбасары М.Сейдалиев, Мойынқұм ауыл ақсақалдарының төрағасы Ж.Қалыбаев, аудандық жастар орталығының директоры М.Мұқашев, аудандық мешіттің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы, Балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Шыңғыс Жашаралыұлы мен ұстаздар қатысты. Алғаш болып сөз алған Нұр Отан ХДП-ның аудандық төрағасының орынбасары М.Сейдалиев Елбасымыз жастардың ата дінге адалдық таныту туралы өз Жолдауында «Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек. Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген» - деп атап айтқан. 
Аудан имамы: - Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы Ислам дінінің құндылықтарын өмірмен біте қайнастыра ұстанып, бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай ауызбіршілікпен бейбіт өмір сүріп келеді. Бар қазақ бір дінді, бір мәзхабты ұстанып келді.

 Үлкендер жасы кішілерді мәңгілік тозбайтын мұсылмандық құндылықтарға тәрбиелеп отырды. Әке ұлын, шеше қызын имандылыққа, көркем мінезділікке, адамның қадірін білуге баулыды. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның қарауындағы бүкіл мешіттер ата-бабаларымыз ұстанып келген Ханафи мәзһабын басшылыққа алып, соған сай қызмет етеді. Бұл - ел бірлігі мен ынтымағын одан әрі күшейте түсуге қызмет ету деген сөз. Сондықтан да бұл мәзһаб арқылы ұлттың шариғатқа қайшы келмейтін салт-дәстүрлерін де одан әрі жалғастыруға тиісінше үлес қосу - діндарлар алдында тұрған міндеттің бірі. Олқылықтарды оң шешу үшін де дәстүрлі Ислам дінінің нығая түсуі тиіс. Мұсылмандар жік-жікке бөлініп, әрі-сәрі болып жатса, ондай биік мұраттарға қол жеткізу мүмкін емес.

Ал елімізде дәстүрлі Ислам діні қанат жаяр болса, елдің экономикасы да, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі де, білім-ғылым саласы да, адамдар арасындағы қарым-қатынас та қарқындап дамитыны шындық. Өйткені ислам діні сыртқы тазалықпен қатар ішкі рухани тазалыққа да шақыратындықтан, мұсылмандар жүрек тазалығына да қатты көңіл бөледі. Сол себепті өтірік, өсек, біреуді біреумен шағыстыру, балағат сөз, күндеу, қызғаныш секілді жаман қылықтардан бойды аулақ ұстайды. Әрдайым азды қанағат тұтып, ешкімнің ала жібін аттамауға тырысады. Дәстүрлі Ислам діні сондай-ақ түрлі азғындықтарды ауыздап, қоғамда ізгіліктің үстемдік құруын қамтамасыз етеді.


Ислам - өнерді қолдаған, ақыл-ойды кемеліне келтірген, ғылымды дамытқан ұлы дін. Дәстүрлі Ислам діні -  пайғамбарымыздың, ата-бабаларымыздың, бәрінен бұрын ұлы Алла тағаланың асыл аманаты, ертеңгі нұрлы болашағымыздың үміті, баянды бақытымыздың кепілі.
Бүгінгі ұрпаққа дейін келіп жеткен осы қасиетті аманатты көздің қарашығындай қорғау, рухани құндылықтарымызды дәріптеу - қазіргі әрбір иісі мұсылман баласының қасиетті борышы. Бұл борыш біздің қоғамда жүрегі Алла деп соққан, «мұсылман үмбеті» деген атқа лайық азаматтар қатары көбейген сайын өз деңгейінде атқарыла берері сөзсіз - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: