Ел бірлігі отбасы ынтымағынан басталады.

Ел бірлігі отбасы ынтымағынан басталады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі, «Һибатулла-Тарази» орталық мешітінің наиб имамы Ержан Аманбайұлы, ТарМУ-дың «Экономика және бизнес» кафедрасы ұйымдастыруымен «Неке жане отбасы» тақырыбында өткен іс-шараға барып студенттермен кездесті.
        Кездесуді аталмыш оқу орынының аға ұстазы Қанат Шалданбаев ашып, тақырып төңірегінде ой қозғады. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық әділет басқармасынан келген Күлаш Байқожаева бүгіні  қоғамдағы жастардың ажырасып кетуі және одан келетін зардаптар туралы тоқталса, Наиб имам Ержан Аманбайұлы: «Отан отбасынан басталады, әуелі жастар алға қойған мақсат дұрыс тәрбие алып, ертең жарамды азамат болуы үшін жалықпай іздену керек. Некелесетін жастар әуелі ата-аналарының ыразылығын алып, асыл дініміз ислам дінінің шариғи үкіміне қиғаш келмейтін жағдайда некеленгені дұрыс деп түсіндіре келе, азаматтық неке шариғат үкімінде жоқ нәрсе, Шариғатта шаңырақ көтеруші ер мен әйелдің ұсыныс және қабылдау арқылы сөз байласуы. Сол үшін некен дұрыс түсінбей тұрып албырттыққа басып, асығыс үйленіп соңынан шаңырақтың шайқалуына апарып соғатын болса, жалпы үшінде жалқы үшін пайдасыз. Отанның іргесін берік ұстау отбасын дұрыс алға сүйреуден басталады»,- деп сөзін түйіндеді.
       Кездесу барысында студент жастар тарапынан некелесу, отбасын құру жөнінде сұрақтар қойылып, мамандардан тұшымды жауаптар алды..

Көгедай Шәмерханұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: