Кеңестегі келелі кездесу.

Кеңестегі келелі кездесу.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданы Кеңес ауылындағы мешітте жамағатпен кездесу болып өтті. Кездесуге ауыл әкімі Ә.Мұқашев, ауыл қарияларының төрағасы, ауыл тұрғындары қатысты. Арнайы барған Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жиналған жамағатқа тартымды уағыз айтты.

Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін ең әуелі арамыздағы ауызбірлігімізді сақтап, «Бірлігі бар ел озар, бірлігі жоқ ел тозар» - деп аталы сөзде айтылғандай бірлігімізді нығайтып, жастарымыздың тәрбиесіне жете мән беріп, Алланың ақ жолынан айнымауы үшін Жаратушыны танытып, тура жолды үйрету бірінші ата-ананың міндеті екенін әрқашан жадымыздан шығармауымыз керектігін еске салды.

Қазіргі таңда әртүрлі адасқан топтар көп екенін атап өтіп, тура жолды үйретер болсақ ертеңгі күні жастарымыз адаспай, елімізді жарқын болашаққа жетелейтінін айтып өтті. Жиналған жамағат бас имамға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, аудан имамының берген жауаптарына ризашылықтарын білдіріп, рахметін айтып, қариялар батасын берді.    

Р.Сәрсенов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: