Қордай ауданы бойынша ақпан айындағы имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті.

Қордай ауданы бойынша ақпан айындағы имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

28 ақпанда әдетке айналған ай сайынғы  аудан бойынша  имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті. Жиналысқа аудан бас имамы Ә.Шалбай мешіт құжаттары бойынша туылған сұрақтарға кәсіби жауап алу үшін арнайы қонақтар шақырды. Шақырылған қонақтарды аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А.Күзербаев, бастап келіп, жиналысқа аудан прокурорының көмекшісі А.Жұмабекұлы, жер қатынастары бөлімінің мамандары К.Абусатов және А.Сатубалдиев әділет министрлігінің жылжымайтын мүлікті тіркеу комитетінің Қордай ауданы бойынша бөлімінің маманы Ш.Исмагамбетова  қатысты.


Жиналысты аудан бас имамы Ә.Шалбай жүргізіп, алғы сөзінде баршаға мәлім болғандай ҚМД-ның  кезектен тыс 7 құрылтайында болған оқиғаларды  баяндап, жаңа муфтий сайланып, қызметке кіріскенін айтып  жаңа сайланған муфтиге яғни, Ержан Маямеров  мырзаға дін ісінде сәттілік тілеп, барлық дін қызметкерлерін осы аталмыш ауыр іске бас  муфтиге қолқабыс болуға шақырды. Ол үшін «бір  ел, бір мазхаб» қағидасын естен шығармай, Әбу Ханифа мазхабымен имам Матуриди ақидасын  уағыздау қажеттігін атап көрсетті.
Сөз кезегі аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі М.Күзербаев мырзаға берілді. Ол  барлық имамдарды мешіттердің  қайта тіркеуден сәттілікпен  өткенін құттықтап алда әлі көптеген жұмыстар бар екенін ескертті.  Оның ішінде мешіттерге жат ағымдарды мүлдем жақындатпау туралы және мешіттердің құжаттары, атап көрсеткенде мемлекеттік акт, техникалық паспорт, жергілікті әкімдердің шешімі сиияқты құжаттардың жоқтарын түгендеу, ескілерін жаңарту сияқты  түйткілді мәселелерді талқылаға салды.  Қалыптасқан жағдайды шешуге Қордай ауданының Әкімі тарапынан да, жалпы әкімшілк тарапынан да қолдау көрсетілетінін айтып, қуандырды.


Мемлекеттік актілердің реттелу жолдарын жер қатынастары бөлімінің  мамандары Абусатов К  мен Сатубалдиев А жүйелі түрде түсіндіріп беріп, болашақта қиындықтар туындамау үшін осы мәселелерді ертерек қолға алу қажеттігін ескертті.


Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлікті тіркеу комитетінің Қордай ауданы бойынша бөлімінің маманы Ш.Исмагамбетова ханым техникалық паспорттарды реттеудің жолдарын, бірінші кезекте нені істеу керектігін, барлығын сатылап түсіндіріп берді. Қандай да мәселе бойынша орталық мамандары кеңес беруге  дайындығын мәлімдеді.
Жиналысқа келген аудан прокурорының көмекшісі А.Жұмабекұлы аталмыш мәселелерді заң тұрғысынан түсіндіріп, олқылықтар кеткен жағдайда заң шеңберінде шара қолданылатынын айтты.


Жиналған имам-молдалар  келген мамандарға өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойды. Мысалға: мемлекеттік  актісі жеке меншік адамның атында болса не істеу керек, егер құжаттардағы мешіттің номерлері сәйкес келмесе не істеу қажет, көше аты өзгерсе не істеу қажет және т.б сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға келген мемлекеттік орган мамандары заң шеңберінде жауап берді.


Ә.Шалбай келген қонақтарға және  арнайы түрде аудан әкіміне  өз алғысын білдірді.Жиналыс әрі қарай тек имам-молдалардың қатысуымен жалғасын тапты. Ауданның бас имамы Ә.Шалбай имамдарға аталған түйткілді мәселерге ден қойып, осы мәселелерді шешуін талап етті. Әрбір мешіт имамынан қандай құжаттарын реттеу керектігін жеке-жеке түсіндірді. Жиналысқа келмеген имамдарға сөгіс айтып, ҚМДБ төрағасы, Бас муфтидің рұқсатысыз шет елге қандай да мәселемен шықпауды атап кетті. Осындай іске барған Масаншы ауылының «Мұсылмандар» мешітінің имамы Харсанов Рахи Губаровичке және Сортөбе ауылындағы «Али Муртаза» мешітінің имамы Ихия Мухамед Дыбоевичке рұқсатсыз умраға кетіп қалғандығы үшін шара қолданылатынын  ескертті.  Неке қию мәселесіне көңіл аударуды атап көрсетіп, неке қию тек қана мемлекеттік органдар берген неке қию куәлігі арқылы, немесе қыз баланың ата-анасының болуын айтып, кәмелетке толмаған қыздардың некесін қию ҚР заңы бойынша қылмыс екенін ерекше ескертті. Ә.Шалбай дін қызметкерін жақында ғана Астана қаласы, Сары-Арқа аудандық сотының шешімін оқып, аталмыш шешім бойынша «таблиғ жамағат» ағымдағы жылдың 26 ақпанынан бастап экстремисттік топ болып  ҚР аумағында осы ұйымның қызметіне шектеу қойылғанын айтып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде тапсырды.Мешіттерде ауыз бірлікті сақтауға шақырып, Құран Кәрімдегі «бүлік шығару кісі өлімінен де артық күнә» деген аятты еске салып, ел, жамағат бірлігін сақтау үшін қолдан келетін барлық әрекетті істеу қажет деп айтты. Ә.Шалбай мешіт қызметкерлерін Аллаһ разылығы үшін аянбай қызмет етуге шақырды. Алқалы жиын  ақсақал Татиев Шаймерден молданың бата беруімен жабылды.


Дәуренбек Жандосұлы,
«Қордай» аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: