Жуырда Талас ауданы Қаратау қаласы «Қаратау гуманитарлық - техникалық колледжінде имандылық әлемі тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Дөңгелек үстелге ауданының бас имамы Н.Алиев «Нұр Отан» партиясының Талас ауданының төрағасы Т.Жұмабек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Н.Астан, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д.Қалаубаев, «Талас» жастар орталығының бас маманы Ж.Көлбаева және білімгерлер мен оқытушылар, қонақтар қатысты.
Сөз кезегін алған Талас ауданының бас имамы Нұрсұлтан Алиев білімгерлерге имандылық тұрғыда жан жақты мағлұмат берді. Жастардың жақсылық жасауы, жат қылықтардан аулақ болуы сияқты әдеттерге шақырды. Исламның түсінігі, Пайғамбарымыздың қандай кісі болғаны жайында баяндама жасады. Жастардың теріс діни ағымдар жетегіні кетпеу үшін, теріс ағымдар жайлы мәліметтер айтылды.
Н.Алиев,
Талас ауданының бас имамы.