Аудан имамы ауыл әкімімен кездесті.

Аудан имамы ауыл әкімімен кездесті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе ауылында жаңа мешіт бой көтеруде. Жаңа мешіттің құрылыс жұмыстарын көру мақсатында  Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Әмірбеков пен Шайдана ауылының молдасы Тұрғынбек Оңғарбаев арнайы барды.

 

Келген қонақтарды күтіп алған ауылдық округ әкімі Ерғали Сәрсеналыұлы жаңа соғылып жатқан мешіттің жұмысымен таныстырды. Ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің демеушілігімен мешіттің құрылысы  жүргізіліп жатқандығын айтып, ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаттарының ұйымшыл екендігіне тоқталды.

 

Жамбыл ауданының бас имамы ауыл әкіміне Бектөбе ауылындағы құрылысы жүргізіліп жатқан мешітке қолдау көрсетуін өтінді. 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес діни бірлестіктердің барлығы қайта тіркеуден өткендігін және мешіттің барлық құжаттары Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының атына өту керектігін айтты. Діни бірлестіктерді қайта тіркеу кезінде Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе мешіті тіркеуден өтіп, Қызылшарық ауылындағы мешіт намазхана болғандығын жеткізді. Ол ауылға да мешіт қажеттігін айтты.

 

Мешітке келген жастарға, көпшілікке ата-бабамыздың дәстүріне сай имам Ағзам мазхабы жолын ұстану туралы үгіт-насихат уағыздар айтылатын болады. Мешітке келген жамағатқа уағызды ҚМДБ-ның Бас Муфтидің Бұйрығымен тағайындалған молда ғана айту керектігін айтты.

 

Тұрғынбек Оңғарбаев,
Жамбыл ауданы,
Шайдана ауылының молдасы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: