Кеше Қордай ауданы, Қызыл партизан ауылының №6 орта мектебінде «Дін және қоғам» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осы іс-шараға мектеп директорының орынбасары Ж.Сабырова, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы А.Ниязова, осы ауылда орналасқан «Рахман» мешітінің имамы А.Малдыбаев және мектеп оқушылары қатысты.
Жиын басында «Уа, Жаратқан!» атты көркем бейне ролик көрсетілді. Роликте бүлік әлемдегі ешбір ақаусыз орын алып жатқан оқиғалар, Жаратқанның берген сансыз нығметтері көрсетіліп, көптеген ғалымдардың Аллаһ тағаланың құдіретіне тамсанған сөздері келтірілген.
Келесі болып мектептің әлеуметтік педагогі Ш.Айманова сөз алып, секта, экстримизм сөздеріне анықтама беріп, жаңадан қабылданған «дін және діни ұйымдар» заңына тоқталып осы жайлы сөз қозғады. Террорлық актілер зардап шеккен қалалар мен ғимараттар көрсетіліп, оның зардабы бейнеленген ролик көрсетілді. Сөз кезегі оқушыларға беріліп олар мешіт қызметкері Ақан Малдыбаевқа түрлі сұрақтар қойылды. Оның ішінде атап көрсетсек миссионерлер жайлы, бақсы-балгерлер жайлы және жат ағымдар жайлы қызықты да, маңызды сұрақтар қойылды. Аталмыш сұрақтарға ауыл имамы шариғатқа сай, Құран мен хадистен дәлелдер көрсетіп көңіл толарлықтай жауап берді. Өз сөзінде Ақан имам мырза Ислам діні экстремизм, терроризм атты жалаң жаладан аулақ екенін , Ислам тек қана бейбітшілік діні екенін атап көрсетіп, Пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) жайлы «Өнегелі өмір» атты баяндамасын оқып, мәуліт мерекесінің мәні мен маңызы жайлы сыр шертті.
Жиын әрі қарай «Асыл арна» ислами ағартушылық телеарнасының өмірдің маңыздылығы жайында түсірілген бейне ролигін көрсетумен жалғасын тауып, балаларға нағыз мұсылманның қандай болу керектігі айтылды. Интерактивті тақтада слайд-шоу түрінде мұғалім Ж.Сабырова Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни секталар мен ағымдардың тізімін көрсетіп, оқушыларға көрсетілген топтардан алшақ болуды қатаң ескертті. Аталмыш іс-шара мектеп шәкірттері «Аллаға шүкір» атты ән шырқап, имам батасымен аяқталды.
Дәуренбек Жандосұлы,
«Қордай» аудандық мешітінің баспасөз хатшысы.