Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округіне қарасты Түрксіб ауылында жаңа мешіт соғылуда. Осыған байланысты ауданның бас имамы Ғ.Қуанышбекұлы ауыл қарияларымен кездесуге барды. Кездесуге келген ауданның бас имамын және Шайдана ауылының молдасы Тұрғынбек Оңғарбаевты Бесағаш ауылдық округінің әкімі Есен Қарамолдаұлы күтіп алып, ауыл қарияларына келген қонақтарды таныстырып, ауылда соғылып жатқан жаңа мешіттің ғимараты туралы айтты.
Ол өз сөзінде мешіттің соғылуына ауыл болып, ауылдан шыққан кәсіпкерлер қол үшін беріп жатқандығын айтты. «Алла қаласа биыл жаңа мешіт ашылады, мешіт атын ҚМДБ-на хат жолдап, Түркіб ауылдық мешіт деп атауын алдық», - дей келе ол сөз кезегін ауданның бас имамына берді.
Өз кезегінде сөз алған аудан имамы Ғ.Қуанышбекұлы соғылып жатқан мешітпен ауыл тұрғындарын құттықтап, тілек айтты. Қазіргі уақытта жастардын арасында қазақтың салт-дәстүріне сай ата-бабаларымыз ұстанып келе жатқан Имам Ағзам жолын ұстану керектігін айтып, ауыл қарияларын жастарды соған қадағалауға шақырды.
Жаңа мешітке молда тағайындауда ҚМДБ-нын сараптауынан өтуі үшін облыстағы мешіттен 2-ай сауат ашу курсына оқу жіберу керектігін айтты. Ауыл қариялары жаңа мешіттің молдасы ретінде осы ауылдың азаматы Қыдырбай Шыныбекұлын ұсынып отырғандығын және оқуға баратындығын айтты. Кездесу сонында ауыл қариялары келген қонақтарға рахметтерін айтты.
Тұрғынбек Оңғарбаев,
Шайдана ауылының молдасы.