Аудан бойынша әр жылы екі дүниенің сәруәрі пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туылған мәуліт айында жергілікті мешіттерде мәуліт шәріп оқылуда. Сүйікті де ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туылған қасиетті мәуліт айы турасында әр жұмада Алла елшісінің дүниеге келуі, жастық шағы, адамгершілігі, пайғамбарлық келгенге дейінгі халықтың жағдайы жайында уағыздар айтылуда.
Ауданымыздың орталығы Мойынқұм ауылының мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімі бастығы М.Көшкінбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қойгелдиев, ұстаздар мен оқушылардың, ауыл тұрғындарының мәуліт шәріп оқылды.
Мойынқұм мешіті жанындағы сауат ашу курсындағы шәкірттер Құран оқып, Пайғамбарымызға (с.а.у.) арналған мауліт қазақша оқылып, жыр шумақтарын жиылған жұртқа айтып берді.
Ауданнан біраз халық шақырылып, жиналған 100-ден астам жамағатқа діни өсиеттер айтылды. Ішкі саясат бөлімінің бастығы аудан әкімінің құттықтау сөзін оқып, жиналған жамағатқа өз атынан алғысын білдірді. Аудандық мәдениет үйінің әншілері тамаша діни өлеңдерін тарту етіп, имандылыққа үндейтін көріністер қойды. Жиналған жамағатқа арнайы дастархан жайылып, ас берілді.
Қ.Үрпеков,
Мойынқұм ауданының бас имамы.