Ира Исламды қабылдады.

Ира Исламды қабылдады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1999 жылы дүниеге келген орыс ұлтынан шыққан  Ира  Иванова  анасымен бірге Шу аудандық  «Төле би» мешітіне келді. Анасы қызының Ислам дінін өз еркімен қабылдайтынын жеткізді.

 

Осындай шешімге келуіңе не себеп болды деген сауалға, ол: «Мен мұсылман қыздарды көрген сайын қызығып тұрамын. Олардың тәртіптілігіне, әдептілігіне де қызығамын.  Қазіргі көп жастарда бар кемшіліктер оларда жоқ», - дегенді айта келе,  олардың сондай киген киімдері, жүріс-тұрысы, адаммен силасу қарым-қатынастары, осы сияқты басқада оларға көп қызығатын артықшылықтарын барын айтып түсіндірді.

 

Төлеби мешітінің іс басқарушы қызметкері Мұстафа Жалалиев оған орыс тілінде кеңінен исламның негіздерін айтып, басқа діндерден артықшылығы мен айырмашылықтарын түсіндіріп берді.

 

Одан соң азан айтып  Ира  деген атын «Мариям» деп өзгертті.

 

Мариямға мешіт тарапынан  біраз діни кітаптар берілді. Мариям  ары қарай  ислам дінін жетік меңгеру үшін мешітіміздің жанындағы сауат ашу курсына келіп тұратынын қуана  жеткізді. Соңынан ризашылығын білдірді  

 

 

 Қ.Мусаев,

Шу  аудандық  «Төле би»

мешітінің  найб имамы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: