Имандылық тақырыбындағы жүздесу.

Имандылық тақырыбындағы жүздесу.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Аса ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде «Имандылық» тақырыбында оқушылармен кездесу болып өтті. Кездесуге Жамбыл ауданының бас имамы Ғ.Қуанышбекұлы, Шайдана ауылындағы «Сәтбай ата» мешітінің молдасы Тұрғынбек Оңғарбаев, ардагер ұстаз Алтынхан Сапарбеков шақырылды. Мектеп директоры Нышанбек Малдыбаев оқушыларды келген қонақтармен таныстырып, жастардың арасындағы келіспеушілік, бұзақылық жөнінде уағыз айту үшін ауданның бас имамы Ғ.Қуанышбекұлына сөз берді.


 Ауданның бас имамы Ғ.Қаунышбекұлы қазіргі уақытта жастардың арасындағы бұзақылық, үлкенді сыйламау, қоғамдық көліктерде жастардың үлкендерге орын бермеуі, көшеде үлкен кісіге амандасу, өздерінің араларында бір-бірін сыйлау, жақсы әдеби кітаптар, қазақ батырларының кітаптарын оқу және т.б. мәселелер жөнінде уағыздар айтты. Сондай-ақ жастардың арасында белең алған валентин күні қазақтың салт-дәстүрінде жоқ екенін айтып, жастарды еліктемеуге шақырды.
 Өз кезегінде сөз алған «Сәтбай ата» мешітінің молдасы Т.Оңғарбаев жастарды келешекте жақсы азамат болам десе осы бастан жақсы оқып, ата-ананың, оқыған мектебінің мақтанышы болып жүрулеріне тілектесітігін білдірді.
 Ардагер ұстаз А.Сапарбеков өз еңбек жолындағы көрген, білгендерін айтып, имандылық жөнінде мысалдар келтіріп, оқушыларға сабақтарын жақсы оқуға, ата-аналарының үмітін ақтауға шақырды.
 Кездесу соңында мектеп директоры Н.Малдыбаев келген қонақтарға келелі әңгімелері үшін алғысын білдірді.    
 

Жамбыл ауданы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімінің бас маманы      

А.Отыншиев

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: