Жат ағымға қарсы тұру жалпыға ортақ міндет.

Жат ағымға қарсы тұру жалпыға ортақ міндет.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі, орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбайұлы  «Парасат» колледжінде «Діни экстремизімнің қоғамға келтіретін зардаптары» тақырыбында ұйымдастырылған арнайы жиналыста болып, студенттермен кездесті.


         Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мадени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм XXI ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Осыған жалпымыз қарсы тұру үшін, сеніміміз берік, дінімізге адалдық, жұртымызға ауыз біршілік керек екенін түсіндіре келе,  найб имам: «дініміз тек мұсылман  баласына ғана емес, тұтас адамзатқа ортақ бақыт әкелетін, бейбітшілік діні» екендігін студенттерге түсіндірді.
     Күллі ғаламды жоқтан бар еткен, мейірімі шексіз, Аллаға құлшылық ету, бекіткен  парызын өтеу, әрбір  мұсылман баласының  міндеті. Адам баласының бойында иман, тазалық болмаса, әрқандай алған білімнің де қадірі болмайытынын айтып, студент жастардың  қойған сұрақтарына жауап берді.
 

                                                                                                                                                                                  Көгедай Шәмерханұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: