Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында діни кездесу болып өтті.

Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында діни кездесу болып өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Талас  ауданындағы  К.Маркс  мектебінде мектеп оқушыларының діни ілімін көтеру және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында діни кездесу  болып өтті.
Кездесуге Талас ауданының орталық мешітінің бас  имамы Н. Алиев  православ шіркеу басшысы Пютор Палович және мектеп ұжымының ұстаздары қатысты.


Алғашқы сөз Талас ауданының бас имамы Н.Алиев  Ислам дінінің жақсы жақтарын айтып, пайғамбарлар өмірінен үзінділер келтіріп, қызықты түрде баяндады. Пайғамбарымыздың өсиетіндегі «Ислам бес нәрсемен құралады» деген хадисін кеңінен талдап түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, исламда ешқашан біреуге қиянат жасауға, кісінің ақысын жеуге, қарақшылық жасап,  кісі өлтіруге тыйым салатынын ескертіп айтты. Керісінше исламның атын жамылған топтар  жарылыс ұйымдастырып,  кісінің қанын төгіп Исламға қара күйе жағып көрсетуде, мұндай іс әрекеттерге Аллаһтан шынайы қорқатын иманы бар нағыз мұсылман адам бармайтынын да айтып өтті.


Еліміздегі дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер жайлы толық қанды мәлімет беріп, Елбасымыздың дін туралы жаңа заңын түсіндіріп өтті. Еліміздегі шеттен келген діни ағымдар туралы  айтып, олар елімізге іріткі салу мақсатында жүргендігі жөнінде сөз етті.

                       Н.Алиев,
Талас  ауданының  бас имамы.
    

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: