Денис ислам дінін қабылдады.

Денис ислам дінін қабылдады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазіреті Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) өзінің хадисінде «Кеңес қылған ел азбайды» деген. Бұл хадистің татулық пен ауызбіршілікке шақырғанын көрсетсе керек. Сірә, осы хадисті өз ұғымына енгізген Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Әмірбеков аудан аумағындағы мешіт имамдарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шарада имандылық жолындағы игілікті іс иірімін тапқалы отырғандығын паш етті.

 

Біз алғашында таңырқай қарағанымыз жасырын емес. Әйтсе де, мешітке оң аяғымен кіріп, аузына «Бисмилләні» алған ұлты орыс, Гродиково ауылдық округінің 15 жасар тұрғыны Денис Сердюковтың өз еркімен ислам дінін қабылдауға келгенін көргенде, тіпті, тамсана түстік. Ол кәмилләға тілін келтіріп (Денис қазақ тіліне шорқақтау көрінді), сөзінен Мұхаммед пайғамбарымыздың хадисін, басынан қазағымның қасиетті тақиясын көргенде анық сендік.

 

Біз Денистің өзімен және әкесі Юрий Пономаревпен тілдескенімізде: Денис: «Мені ешкім ислам дінін қабылдайсың деген жоқ. Өз еркіммен қабылдап отырмын, десе, әкесі: - Ұлымыздың бұл қадамын құп көрдік. Баламыздың ислам әлеміндегі қадамы құтты болсын, ауыл мешітінің дәнекерлеу жұмысына тегін қызмет етіп беремін» - деді.

 

Денистің білім алатын Құмшағал орта мектебінде мешітке барып, мінәжат ететін балалар көп-ақ. Гродиково ауылының тұрғыны - досы, дүнген ұлтының өкілі Абтумуталиб Абдуллаев. Сірә, Денистің ислам дінін қабылдауына досының ықпалы тисе керек. Лайым, жақсылық ұзағынан сүйіндірсін дейік.

 


Д.Орманов,
Жамбыл ауданы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: