Шу ауданы Төле би ауылындағы Е.Бекмаханов мектебінде 9-сынып оқушыларына Ислам дініндегі «Әдептің түрлері мен білімнің пайдасы жайында» тәрбие сағаты өтті. Тарих пәнінінің мұғалімі Ақсақал Шымырхан мен дінтану пәнінің мұғалімі Мадина Сырғабаева қатысты.
Оқушыларға алдымен тарих пәнінің мұғалімі Исламдағы этика жайлы баяндама оқып, кейіннен ауданымыздағы «Төле би» мешітінің найб имамы Қуандық Мусаев әдептің түрлерін айтып, яғни сөйлеу әдебі, киім кию әдебі, ұстаздарды құрметтеу, басшыға бағыну, өтірік сөздерді айтпау, ата-ананы сыйлау, жастардың теріс ағымдарға түсіп кетуіне жол бермеу сол ағымдардың зияны мен зардаптары жайлы түбегейлі баяндап берді. Сол себепті жастайынан діни білім алудың падасы бар екендігін де атап өтті. Кездесу соңынан оқушылар өз көкейіндегі жүрген орамал тағу мәселесі, діни білім алу жайлы түрлі сұрақтар қойды.
А.Шымырхан,
Төле би ауылы,
Е.Бекмаханов мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.