Ауған соғысының ардагерлерін еске алу митингі.

Ауған соғысының ардагерлерін еске алу митингі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Міне, бүгін көптеген жас сарбаздардың өмірін қиған, қаншама жанұяларды бұзған,  бүтін бір мемлекетті ойрандатқан сұрапыл Ауған соғысының аяқталған күні. Осы соғыстан 20 296 Қазақстандық жауынгер қатысып, 2000 азамат өз үйлеріне оралмады. Оның ішінде 68 сарбаз біздің облыстан болса оның 12 қордайлықтар. Қаза тапқан азаматтарды еске алу үшін Қордай ауданының әкімшілігі Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуына 24 жыл толғанына орай еске алу митингін ұйымдастырды. Митингіде әкімшілк жетекшілері, ақсақалдар және аудан бас имамы Ә.Шалбай сөз сөйледі. Өз сөзінде аудан имамы соғыстың тек қана қыйыншылықтар мен күйзеліс алып келетінін айтып, дінде, елде тек қана бейбітшілік заманда ғана өркендейтінін атап кетті.


Сөзін жалғастыра келе  осы соғыс бізге бейбітшіліктің қанша қымбат екендігін аңғартуы керек және ел бейбітшілігі үшін ел азаматары қолынан келген іс-әрекетін істеу қажеттігін айтып, Ислам дінінің нағыз бейбітшілік діні екендігін тілге тиек етті. Сөз соңында бас имам Ауған соғысында марқұм болған жандарға арнап Құран сүрелерін бағыштап, артынан дұға жасады.

Д.Жандосұлы,
«Қордай» аудандақ мешітінің баспасөз хатшысы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: