Имандылық – инабаттылық мұраты.

Имандылық – инабаттылық мұраты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Аса ауылындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің жаңа ғимаратымен құттықтауға мектеп директоры С.Жігітековаға Жамбыл ауданының бас имамы Ғ.Қуанышбекұлы жаңа мектеппен құттықтап, халқымызға танымалы оқушылар шыға беруіне тілектестік білдірді. ҚМДБ-ның төрағасы Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Ислам - религия мир и созидания», «һибатулла тарази» атты кітаптарын мектепке сыйға тартты.
Құттықтаудан соң оқушылармен кездесуін жалғастырды. Кездесуге Жамбыл аудан әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Омарова Әлия, Шайдана ауылының молдасы Оғарбаев Тұрғынбек қатысып, оқушылардың дайындалған «Имандылық - инабаттылық мұраты» атты қойылымдары тыңдалды. Гагарин орта мектебінің 11 сынып оқушысының «Алланың бары - ақиқат» атты


Алладан басқа жоқ тәңір
Мұхаммед оның елшісі
Оқысаң құран тәп-тәуір
Жаныңның жалғыз емшісі
Адамның бәрі жат-бауыр
Заманның сол ғой кем тұсы
Болуы қиын хаққа құл ібіліс болса көршісі
Жер бетіндегі көп қабір
Пенденің алған еншісі - атты өлең шумағы оқылып, қазіргі ағымдарға байланысты бейне роликтер қойылды.


Сөз кезегі ауданның бас имамы Ғ.Қуанышбекұлына берілді. Сөз бастамас бұрын мектеп ұжымын, оқушыларды жаңа мектеппен құттықтап, тілек айтты. Оқушылардың өткізген іс-шараларына ризашылығын білдірді. Қазіргі уақытта жастардың арасындағы бұзақылық, жамандыққа еліктеу, валентин күні сияқты дәстүрімізге жат істерден аулақ болуға шақырды. Оқушылар қойған сұрақтарына жауаптар берілді. Сөз соңында Шайдана ауылының имамы оқушыларға бата беріп, мектеп директоры келген қонақтарға рахметін айтты.


«Сәтбай ата» мешітінің молдасы

Оңғарбаев Тұрғынбек

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: