Жаратқанға мінәжат, пайғамбарға салауат.

Жаратқанға мінәжат, пайғамбарға салауат.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы мәуліт айын өз деңгейінде, мәнді де сәнді атап өту, қаламызбен қоса,  оңіріміздің барлық аудандарында өзіндік жалғасын тауып, салтанатты түрде сазды кеш болып, әрқайсы аудан орталықтарында өткізілді.
 Сөзіміздің дәлелі ретінде айтар болсақ. Жерұйығы аталған «Батыр Бауыржан» мен «Жазушы Шерхан ағалар» дүниеге келген, түгін тартса май шығатын, Жуалы  ауданында мәуліт кеші жалғасын тапты.  мауліт кешіне келген халыққа «Қаракөз» мейрамханасында арнайы ас таратылды. Кешті «Асыл Мұра» онер орталығы сазбен әрледі. Маулітті кешін бастамас бұрын қасиетті Құран оқылып, пайғамбарымызға салауат айтылды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла-Тараз» орталық мешітінің бас имамы, Жұмабаев Данияр арнайы кешке құтты болсын айтып, кешті ұйымдастырған, Жуалы ауданының бас имамы, Кенжемолдаев Алмас Рысханұлына, басқада азаматтарға шексіз алғсын білдірді. Сонымен қатар қонаққа Жуалы ауданының әкімі, Құлекев Батырбек мырзада келіп қатынасты. Халық өкілі ретінде Пірәлев Аманжол ақсақал сөз алды. мәуліт кешінің ойдағыдай сәтті өткізлігеніне, көпшілік дән рыйза болып қайтты.

                                      
                                                                                     Жуалы ауданынан
                                                                                      Көгедай Шәмерхан .

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: