Мұхаммед соңғы пайғамбар, сәлем саған салауат.Оның ісі үлгі аларлық, сөзі тіпті ғаламат.
Құран, сүннет асыл мұра, бізге ұлы аманат,Ұмытпайық, еске алайық, Ей, мұсылман жамағат!
Талас ауданы Қаратау қаласында «Ұлбеке » мәдениет үйінде Мәуліт мерекесіне арналған іс-шара өтті. Мерекені Майтөбеі «Тәтен ата» мешітінің имамы Анарбаев Аріпхан Құран оқумен бастап, Аудан әкімшілігінің ішкі саяасат бөлімнің бастығы Жақсылоқов Жасөрке мауліт мерекесімен құтықтады,Жамбыл облысының өкіл имамы Жұмабаев Днияар халықты мәуліт айымен құттықтап, Пайғамбарымыздың өмірі жайында қысқаша уағыз-насихат айтты. Ол бұл мерекені тойлаудағы басты мақсат - Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру екендігін жеткізді.Мауліт мерекесінің іс шарасын арнаиы «Асыл мұра» өнер орталығының жігітері өткізді.Дін танушы Сыздықов Бақдаулет, және «Қаратау» орталық мешітінің наиб имамы Оразбаев Акбар Пайғамбарымызға салауат айтты.Сонында сөз алған Талас ауданының бас имамы Алиев.Н.Қ барша халық ты мауліт мерекесімен құтықтап қолдаубілдірген аудан әкіміне ризашылығын білдіріп келге жамағатықа алғысын айты.
Сондай-ақ, Мәуліт мерекесін тамашалап шыққан халыққа «Қаратау»орталық мешітінде мерекелік ас берілді.
Талас ауданының бас имамы
Алиев.Н.Қ