Жамбыл ауданының бас имамы Гродеково ауылында ауылдық округ әкімі аппратының ғимаратында ауыл қарияларымен кездесті. Кездесуде «Нұр-Ақ» мешітінің молдасы Қара оглы Дурсун, «Махат ата» мешітінің молдасы Чалиев Ескендір қатысты. Басқосуда сөз алған ауданның бас имамы Ғ.Қуанышбекұлы Гродеково ауылындағы «Нұр-Ақ» мешіті, Қызыл Дихан ауылындағы «Махат ата» мешіті 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес қайта тіркеуден өткендігін және мешіттің барлық құжаттары Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының атына өту керектігін айтты. Ауыл имамдарына мешіттің ауласын таза ұстау керектігін, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, бес уақыт азан айтылып, жұма күні келген жамағатқа уағыз айту керектігін, көпшілікті Отан сүюге шақыру керектігін айтты. Өз кезегінде «Нұр-Ақ» мешітінің молдасы Қара оглы Дурсын жұмаға жастардың көп келуін, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәуліт күнін 31 қаңтар күні мешітте салауаттар айтылып, Мәуліт мерекесінің аталып өтілгендігін айтты.
Бұдан кейінгі кездесу Гродеково орта мектебінде жалғасын тапты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Нысамбаева келген кісілерді қарсы алып, оқушыларға таныстырды. Кездесу барысында қазіргі уақытта жастардың арасында белең алған Валентин күні сияқты мұсылманға, қазақ халқының дәстүріне жат екендігін баса айтып, жастарды еліктемеуге шақырды. Отан сүю иманнан, үлкенді құрметтеу, ұстаздарды сыйлау сияқты бірқатар уағыздар айтылды. Содай-ақ Жамбыл облыстық «Һибатулла» мешітінің жанынан медресе ашылғандығын, сонда барып діни сауат ашуға болатындығын жеткізді.
Гродеково ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маман-іс жүргізушісі
Үсенбаев Жасұлан Амантайұлы