11.02.2013. «Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы».

11.02.2013. «Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы».

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т.Рысқұлов ауданындағы  екі тілді  №2 орта мектебінің акт залында  «Аудандық Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен  «Ұрпақ тәрбиесі-Ұлт болашағы» атты  тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.  150-ге   жуық  бас қосқан жиынға  «Аудандық Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы, аудан әкімінің орынбасары  Әлпейсов Бейсен, аудандық білім бөлімінің бастығы Тотаев Сейітхан,  Абдықалықов Ербол кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімінің полиция қызметкері,  мектеп директорлары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,  ата-аналар қатысты.


 Сөз кезегінде  «Аудандық Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Алла тағала тарапынан келген Ислам діні  Ұрпақ тәрбиесіне, ынтымақ-бірлікке, төзімділік пен татулыққа,  білім мен ғылымға шақырады. Соның ішінде асыл дініміз Ислам  жан-жақты білімді болуды, ата-ананы сыйлауды, ұстаздарды құрметтеуді бұйырады. Сонымен  қатар  «Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың соңғысы  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туған айы мәуліт айының қадір-қасиетін, салауат айтудын пайдаларын айтып өтті.
Аллаға құл, адамзаттың асылы Пайғамбарға (с.ғ.с) лайықты үммет болған мұсылман адамның көкрегі ояу, көзі ашық, тілі шешен, білікті де білімді, барлық нәрсеге қабілетті тұлға болып жетілуі тиіс.  Ата-аналар тарапынан қойылған әр түрлі сұрақтарға бас имам Джадраев Сұлтаншәріп қажы толықтай жауап берді.

                                                                             
Әбілда Мейірханов, 
алқа төрағасы,  әскери зейнеткер

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: