Сортөбе ауылындпғы мәуліт.

Сортөбе ауылындпғы мәуліт.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осыдан екі ай бұрын Қордай ауданының, Сортөбе ауылында  орналасқан «Мисбахуль-ислам» мешітінің өртенуі  елді елең еткізген жайсыз оқиға болып еді. Мінекей бүгін осы жерден қуанышты хабар жетті,  қыстың қақаған суығына қарамастан, күн демей, түн демей 72 күн ішінде ауыл жамағаты өрт шалған мешітті күрделі жөндеуден өткізді. Ардақты елші, пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқан «Әрбір нәрсенің хайыры бар» белгілі хадисі тағы да бүгін дәлелдене түсті. Олай дейтініміз, мешіттің іші қайтадан өрнектеліп, шатыры жаңартылып жаңа күмбез 3 метрге биіктікке жоғарылатылып, орнатылды. Мешіттің жылу жүйесі де ескерусіз қалмай, енді ғимаратты жылыту үшін  «жылы еден» жылу жүйесі іске қосылды.


Күрделі жөндеуден өткен Аллаһ үйіндегі бірінші іс-шара болып пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) мәуліті аталып өтілді. Мешіттке шамамен мыңға жуық адам жиналған, мешітте барар жолда ине шаншыр бос орын жоқ болғаны бізді қатты қуантты.Әрине қандай да  ізгі іс Құран оқусыз басталмасы анық, сол себепті мерекелік іс-шара қасиетті Құран оқумен басталды. Кейіннен алғы сөз Қордай ауданының  бас имамы Ә.Шалбай мырзаға берілді. Өз сөзінде аудан имамы осындай қысқа мерзімде, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан мешітті қалпына келтіру жұмыстары тез уақытта біткеніне қуанышының шексіз екенін айтып, жиналған қауымға пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с) салауат айтудың артықшылығы жайлы және аталмыш ауыл халқының негізін бауырлас дүнген халқы құрайтынын ескеріп, мұсылмандар бір-біріне бауыр екенін, ел тұтастығын сақтау жайлы сөз қозғап,

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың және Бас мүфти, шейх, Ә.Дербісәлінің еңбегін тілге тиек етіп, мешітті имамы Хия Двумарға атқарған сауапты  ісі үшін алғысын айтты. Келесі болып сөз алған мешіт имамы Хия Двумар жамағатқа адамның өмірінің маңызы жайлы, мұсылмандардың бірлігі жайлы уағыз айтып сөзінің аяғында  мешітті жөндеуден өткізуге көмек көрсеткен ауыл азаматтарына, демеушілерге алғысын айтты.  Келесі болып сөз алған Сортөбе ауылдық округінің әкімі Талайбек Абдулдаев  өз сөзінде халық тек қана қуанышта емес, осындай сындарда бірге болу керектігін айтып, «бірлік бар жерде тірлік болатынын» еске алып, атқарылған іске ризашылығын білдіріп, дүнген, орыс және мемлекеттік тілде еркін сөйлей отыра, осындай жағдай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қажырлы еңбегімен сындарлы саясатының себебінен екенін атап өтті. Осы мерекелік шараға арнайы ат басын тіреген Қазақстан дүнгендері ассоциясының президенті Дауров Хусейн өз сөзінде Қазақстан мемлекетінің жетістігі Аллаһ Тағаланың қалауымен, 

 Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  еңбегі екенін айтты. Сөзін жалғастыра келе Дауров мырза қазақ жеріндегі барлық мұсылмандарды Бас мүфти Ә.Дербісәлі бастаған Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының  туы астында бірігуге шақырып,  дүнген бауырлар мекен еткен ауыл мешіттерінің барлығы дерлік тіркеуден еш қыйындықсыз өткенін айтты. Сөзін жалғастыра келе мейман аталмыш жетістіктер тек діни алауыздық болмаған  жағдай да ғана орын алатынын айтып, «бір ел, бір мазхаб» қағидасын естен шығармай  Әбу Ханифа мазхабы мен имам Матуриди ақидасынан берік ұстану керектігін ерекше атап өтті. Жиналған жиын қарилердің пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с) салауат оқуымен жалғасты. Мерекелік шараға жамағат арнайы түйе бауыздап, мың адамдық дастархан жайды. Дастархан басында салиқалы әңгімелер айтылып, аяғы ауыл ақсақалдарының батасымен аяқталды. Мінекей осы мерекені нағыз халықтық мере ке деп ауыз толтыра атай аламыз. Аллаһ баршаңызға мейірім етсін!
«Қордай» аудандық мешітінің баспасөз хатшысы Дәуренбек Жандосұлы

Мешітті өрт шалған кездегі көрініс (Қараша айы,2012 жыл
Қалпына келтірілген мешіт (11 ақпан 2013 жыл)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: