Хабарландыру! Құрметті талапкер жастар!

Хабарландыру! Құрметті талапкер жастар!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білім беруші мен білім  алушы адамдардың дәрежесі Аллаһтың алдында да, өзге адамдардың алдында да  әркез жоғары болатыны баршамызға белгілі. Бұл  туралы Ұлы Жаратушы Құранда «Мужәдәлә» сүресінің 11-аятында: «Аллаһ тағала сендердің араларыңнан имам келтіргендердің, сондай-ақ, өздеріне білім нәсіп болғандардың  дәрежесін  көтеріп, мерейін  өсіреді» деп  айтқан.   Сонымен қатар, Әбу Һурайра  (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Кімде-кім  білім жолына түссе, Аллаһ тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді», - деп айтты» - делінген (Муслим).  Адамды адам етер  еңбек пен білім екенін ескерсек, білім жолына түсу соншалықты  жауапкершілікті іс деп білген жөн.

 

ҚМДБ Республикалық ислами діни бірлестігі «Һбатулла Тарази» медресесі діни  білім аламын деген 17-25 жас аралығындағы азаматтарды «Исламтану» мамандығы бойынша 6 айлық дайындық курсына шақырады.  Медресе жатын  орынмен  және үш  мезгілдік тамақпен қамтамасыз етілген.

 

Байланыс телефоны: 8 (726)2 57-18-64.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: