Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебінде Жамбыл ауданының бас имамы Ғ.Қуанышбекұлы мен Шайдана ауылындағы «Сәтбай ата» мешітінің молдасы Тұрғынбек Оңғарбаевтың қатысуымен «Отан сүю - иманнан» тақырыбында оқушылармен кездесу болып өтті. Келген кісілерді қарсы алған мектеп директоры Валиев Бауыржан Абдуллаұлы оқушыларды қонақтармен таныстырып, сөз кезегін ауданның бас имамы Ғ.Қуанышбекұлына берді. Ол өз сөзінде жастарды имандылыққа, Отанды сүюге, ата-ананы, ұстаздарды құрметтеу турасында уағыздар айтты. Алла тағала адам баласына беріп отырған мүмкіншіліктерді пайдалу керектігін, білім алу үшін мектепте барлық жағдай жасалынғандығын, жастарға тек оқу керектігін айтып, Ы.Алтынсариннің «Кел балалар оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық» атты өлең жолдарын тілге тиек етті.
Оқушыларды арасында қазіргі уақытта белең алған Велентин күні біздің дәстүрімізде сай еместігін айтып, оған еліктемеуге шақырды. Содай-ақ Жамбыл облыстық «Һибатулла» мешітінің жанынан медресе ашылғандығын, сонда барып діни сауат ашуға болатындығын жеткізді.
Кездесу барысында Мұхамед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Мәуліт күні туралы сөз қозғалып, Пайғамбарымыздың өмірі туралы уағыздар айтылып, оқушыларға арнайы бейне роликтер көрсетілді. Өз кезегінде сөз алған «Сәтбай ата» мешітінің молдасы Оңғарбаев Тұрғынбек жастарды әдептілікке, үлкенді сыйлауға, ата-ананы құрметтеу жөнінде ақылын айтып, жастарға ақ батасын берді. Кездесу соңында Жеңістің 30 жылдығы орта мектебінің директоры келген қонақтарға келелі әңгімелері үшін алғысын жеткізді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің
«Жастар орталығы» КММ-нің
жастар ісі жөніндегі маманы
Д.Алежанов