«Тектұрмас» мешітінің бас имамы Медетбек Шабденбекұлы Умра қажылығына жолдама алды.

«Тектұрмас» мешітінің бас имамы Медетбек Шабденбекұлы Умра қажылығына жолдама алды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы, «Әзірет Сұлтан» мешіті жариялаған Республикалық «Текті сөздің төресі - терме» бәйгесі өз мәресіне жетті. Астана қаласының «Конгресс-Холл» сарайында өткен қорытынды кеште үздік деп танылған термелер орындалып, жүлдегерлер марапатталды.


Бәйге қоржынына 290 терме келіп түсті. Додаға қарапайым халықтан бастап, халыққа танымал ақындарымызға дейін қатысты. Қазылар алқасы түскен термелерді саралап, сараптап, үздік термелерді іріктеп, жүлдегерлерді анықтады.


Қоржынға түскен термелерді сараптауға, үздіктерін анықтап, лайықты бағасы беруге көмектескен қазылардың арасында терменің майталман шеберлері, мақамды зерттеп жүрген ғалымдар, термешілер, сөздің парқын білетін ақындар болды. Ал терменің діни мазмұнына «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлының өзі қарады.
Бәйгеге тек ақындар ғана емес, сонымен қатар имамдар да ат салысты. Тараз қаласындағы «Тектұрмас» мешітінің бас имамы Медетбек Шабденбекұлы Умра қажылығына жолдама алды.
Құтты болсын жеңісіңіз бен «Умра қажылық» жолдамаңыз!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: