Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен «Жамбыл облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің Жамбыл аудандық филиалы қызметкерлерімен кездесу болып өтті. Халыққа қызмет көрсету орталылығының басшысы Ғ.Сейдімханов мекеме қызметкерлерін келген қонақпен таныстырып, Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғ.Қуанышбекұлына сөз берді. Ауданның бас имамы өз сөзін құранның аятынан бастап, Алла тағала «Ниса» сүресінде «Егер сіздерге сәлем берілсе оныкінен жақсырақ етіп қайтарыңыз, ең болмаса өзінікіндей етіп қатарыңыз», - деп әмір етеді.
Мұсылмандар амандасқанда қалыптасқан дәстүр бойынша екі қолдап ер азаматтар жағы сәлемдеседі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екі мұсылман кездесіп қол алысатын болса, олардың күнәлары екеуі айырылысудан бұрын кешіріледі» - деп айтқан. (Имам Әбу Дауд риуаят еткен). Тағы бір хадисте «Расында адамдардың ішінде Алла тағалаға ең жақыны, басқаларға ең бірінші болып сәлемдескені», - деген (имам Әбу Дауд). Келген халыққа жақсы қызмет етіп, оларға қолымыздан келгенше жақсы қызмет көрсету мұсылманның мұсылман екендігі оның келбетінде, мінез-құлқында, әдебінде болады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде «Кішілерімізге мейірім танытпаған әрі үлкендеріне құрмет көсетпеген адам бізден емес» деп келген үлкен кісілерге құрмет көрсету керектігін айтты.
Исламда бес нәрсені: Отанды, дініңді, ұятыңды, жаныңды, дүниеңді қызғыштай қорғау міндеттеледі. Осы құндылықтарды қорғау жолында қайтыс болғандар шейіт саналады. Ал шейіттердің ақыретте есепсіз Жәннатқа барары мәлім. Құранда бұл жөнінде: «Шейіттерді өлдіге санамандар. Олар тірі, Алла біледі, сендер білмейсіңдер» делінген («Бақара» сүресі, 154-аят) деп жиналған қызметкерлерге мұсылманның сипаты жайында уағыздар айтты.
Кездесу барысында Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша әңгіме өрбіп, Пайғамбарымыздың Мәуліт айына байланысты бейне ролик көрсетілді. Мекеме қызметкенрлері тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, Ислам мәдениет мен білімін қорғау қоры басып шығарған «Мұсылман сипаты» атты кітапшалары таратылды.
Мекеме басшысы мен қызметкерлері мәнді, мағыналы кездесу үшін ауданның бас имамына алғыстарын жеткізді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімінің іс жүргізушісі
А.Отыншиев