Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Білімсіз өзіңді және Жаратушы Аллаһты тану әсте мүмкін емес. Аллаһ тағала түсірген Құранның «Алақ» сүресінде: «Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол, адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен», - деп осы алғашқы бес аятында адам баласына оқуды, білім алуды жүктеген. Демек, мұсылман әр адамға білім алу - парыз.
Аллаһ баршамызға қайырлы ілім нәсіп етсін деген ниетпен, Сіздерді «Һибатулла Тарази» мешітіне ер адамдарға арналған сауат ашу курсына шақырамыз. Курс қазақ және орыс тілдерінде Құран, тәжуид дәрістері бойынша жеке түрде, қолайлы уақытта жүргізіледі.