Қордай ауданы, Беріктас ауылында өткен мәуліт мерекесі.

Қордай ауданы, Беріктас ауылында өткен мәуліт мерекесі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ағымдағы жылдың 28-ші қаңтарында елімізде басталған «Қош келдің, Мәуліт!» атты еңселі істен Қордай ауданының Беріктас ауылында орналасқан «Мухамад Әмин» мешітінің жамағаты да қалыс қалмай мәуліт мерекесін атап өтті. Әлбетте осындай діни іс-шара Жаратушы Йеміз Аллаһ тағаланың кітәбі, қасиетті құран оқылуымен ашылды. Іргелес жатқан ауылдан арнайы қарилер шақырылып олар пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат оқып, сауапқа бөлінді. Ауыл имамы жиналған қауымға екі дүние сардары болған Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с) өмірін баяндап, оның өзінің пайғамбарлық міндетін атқарарда қандай қыйындықтарға ұшарағын айтып, үмбеті үшін істеген ерен еңбегін баяндап өтті.

 

Осындай уағызбен жиналған жамағаттың жүрегін елжіретті. Осы игі-іс шараға көршілес ауыл имам-молдалары, ауылдың аз қамтылған отбасылары шақырылып кең дастархан жайылды. Ауылдың мектеп оқушылары аталмыш іс-шараға зор үлестерін қосқаны қуантарлық жәй. Келе жатқан өскелең ұрпақ пайғамбарымыздың (с.ғ.с) және оның сахабаларының өмірінен үлгі алса, ел болашағының өрісі кең болары анық.Осы шараға ат салысқан барлық ауыл тұрғындарына, демеушілік еткен Хасеновтар, Дүйсенбаевтар отбасына Аллаһ тағала жар болсын деп тілек етеміз. 
 


 
«Қордай» аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: