Мәуліт мерекесіне арналған жиынды имим Исламбеков Тайырдын құран оқуымен ашыты. Аудан әкімінің орынбасары Әлпеисов Бейсен Мәуліт мерексіне орай ұйымдастырған бұл кешке жиылған жамағаттын мерекесімен құттықтап сөз сөйледі. «Аудандық Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы жұртшылықты Мәуліт мерексімен шын жүректен құттықтап , Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ның ислам дінің таратудағы басынан кешкен жағдайларын, өмір тарихы мен өнегелі жолы жайлы айтылған уағызын жиылған жамағат тыңдады.
Жылдағы дәстүр бойынша биылғы Мәуліт мерекесі аудандық М. Өзбеков атындағы мәдениет үйінде ерекше есте қалатындай тартымды да тағлымды өтті.
Мәуліт соңында мәулітке жиналған көпшілікке арнайы дисклер, кітаптар таратылды. Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы аудан әкімі М.Смайлов мырзаға және мәулітті өткізуге демеушілік көрсеткен азамттарға өз алғысын білдірді.
Жиын аяқталған соң көпшілік қауым «Шаңырақ» майрамханасына барып жайылған дастарханнан дәм татты. Онда ауданың бас имамы Сұлтаншіріп қажы марқұмдарға құран оқып, дұға қылды.