Жылдағы дәстүр бойынша ауданның бас имамы Әмірбеков Ғайырфулла Жамбыл ауданындағы ауыл мешіттерін аралап оқушылармен кездесу өткізеді. Биылғы дәстүр Ақбұлым ауылынан бастау алды. Құрамында Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы, Шайдана ауылының молдасы Оңғарбаев Тұрғынбек бастаған кісілер Ақбастау ауылына ат басын бұрды.
Келген кісілерді Ақбұлым ауылдық округінің әкімі Тоқбаев Сайлаубек Сүлейменқұлұлы күтіп алды. Кездесу барысында округ әкімі ауылда соғылып жатқан мешіт биылғы жылы ашылатындығын және мешіттің атын қоюға ҚМДБ-ның төрағасы бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәліге хат жолдағандығын айтты. Мешіттің құжаттары дайындалу үстінде. Мешіт ғимаратының құрылысы бітіп, тек ауласын қоршау, көгалдандыру жұмыстары қалғандығын айтты. Аудан имамы осы мешітке молда қою керектігін, оны ҚМБД-ның сараптау комиссиясынан өту керектігін баяндады. Ауыл әкімі Ақбұлым ауылының азаматы, мешіт соғып жатқан Қалметов Алдаберген Нұртайұлына рахметін жеткізді.
Ол өз сөзінде ауыл тұрғындарының ұйымшылдығын, араларында болған келеңсіз жағдайларды өз араларында, ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып шешілетіндігін айтты.
Бұдан кейін кездесу Бесбаев атындағы орта мектебінде жалғасын тапты. Мектеп директоры Әбдіралиева Айымжан кісілерді қарсы алып, келген оқушыларды қонақтармен таныстырды. Ауданның бас имамы «Ата-ананы құрметтеу» тақырыбында оқушыларға үлкенді құрметтеу, ұстаздарды сыйлау жөнінде уағыз айтты. Президентіміздің өзі еліміздің болашағы жастар екендігін, оларға үлкен үміт артатындығын білдірді. Сондықтан қолда бар мүмкіндікті пайдаланып жақсы оқып, білім алу керектігін айтты.
Шайдана ауылындағы «Сәтбай ата» мешітінің молдасы Оңғарбаев Тұрғынбек қазіргі балалар бақытты заманда, барлық техниканың, өндірістің дамыған кезінде өмір сүріп жатқандығын, өз заманында мұндай мүмкіндіктер болмағанын айтты. Сондықтан барлық ынтаны тек білімге бұру керектігін жеткізді.
Кездесу барысында Мәуліт Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туған күні айтылып, өмірі туралы слайд көрсетілді. Мектеп оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Кездесу соңында мектеп директоры ортада болған келелі әңгімелері үшін келген қонақтарға алғысын білдірді.
«Сәтбай ата» мешітінің молдасы
Оңғарбаев Тұрғынбек