Жамбыл облысы, Меркі ауданында өткен «Мәуліт» мерекесі.

Жамбыл облысы, Меркі ауданында өткен «Мәуліт» мерекесі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

28-ші қаңтар 2013 жылы аудандық мәдениет үйінде Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың туған күні -Мәуліт мерекеленді. Ол күнібұрын хабарланғандай, күндізгі сағат 11-де басталу керек-ті. Халық бұл уақыттан кешікпей, залды толтырып отырып алғандығына қарап , ислам дініне бетбұрыс, құрметтеуі жылдан-жылға  күшейіп, рухани жаңғыру одан әрі жүріп жатқандығына  тәнті болғандайсың. Мерекелік жиын «Жүніс молда» мешітінің бас имамы Дастан қаридың құран сүрелерін оқумен басталды. Аудан әкімінің орынбасары Қ.Смайлов, ауданның бас имамы Б.Қасымалиев құттықтау сөздерін арнады. Батырбек қажы мерекеміз құтты болсын дей келе Мәуліт күніне  тоқтала кетті. Мәуліт-Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні. Ол 571 жылы Мекке қаласында Раббиул-әууал айының 12-жұлдызында дүниеге келген. Қарайған дүниені нұрландырып туылған. Ол Алланың жіберген үлкен жақсылығы еді. Жаратушы иеміз Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға «Мен сені жер бетіне рахмат қылу үшін жібердім» деген екен. Бұл мерекені тойлау Қазақстанда дәстүрге айналды. Мәуліт қай жерде тойланып жатса періштелер сонда жүреді екен. Сөзінің соңында ауданның бас имамы: осы іс-шараны өткізуге атсалысқан азаматтарға Алланың нұры жаусын,-деді.


Бұдан соң Мәулітті өткізуге арнай келген «Асыл мұра» өнер орталығы әншілері «Иман нұры» ән айтып, жиналғандар «Мәуліт құтты болсын!» бейнеролигін тамашалады.
Меркіден шыққан талантты ақын, исламға адал болудың үлгісін сөзіменде, ісімен де көрсете білген қарындасымыз Марал Хантөреқызының «Ақырет өткелдері» атты жыр жолдарын көпшілік ықылас қоя тыңдады.


Мереке барысында «Асыл мұра» өнерпаздары тура жолдан айнымау, имандылық туралы сәтті қойылымдарын көрсетіп, жүректен шығып, жүрекке жеткен әсем әндерін сыйлады. Олардан өзіміздің аудан дарындылары да қалыспай , мерекенің әсерлі өтуіне  үлестерін қосты. Ринат Қозыбағаровтың домбырамен айтқан «Нұрдан алла» әнін,  жасөспірімдердің Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен үзінділерді келістіре оқуын осылай бағалауға болады.
Мәдениет үйіндегі мереке соңында  имамдар Мәуліт туралы, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні туралы жырлар оқып, бата беріп тарасты. Осы күні намаздан кейін сағат 2-де «Меркі-ата» мешітінің асханасында Мәуліт күніне арналып 400 адамға дастархан жайылып,  ас беріліп, соңынан  құран оқылып дұға жасалды.

 

../pic/img/mer1.jpg

 

../pic/img/mer2.jpg

 

../pic/img/mer3.jpg

 

../pic/img/mer4.jpg

 

../pic/img/mer5.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: