Жамбыл ауданында өткен Мәуліт мерекесі.

Жамбыл ауданында өткен Мәуліт мерекесі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық мәдениет үйінде Мәуліт мерекесі аталып өтілді. Мереке қасиетті құран оқумен басталды. Кеште Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Найманова және аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Әмірбеков Ғайырфулла Қуанышбекұлы жиналған жамағатты - Мәуліт мерекесімен құттықтап, күллі мұсылман әлемінде Мәуліт айы Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келуімен ерекшеленеді.
Біздің мақсат - он сегіз мың ғалам иесі - Алла Тағалаға, оның елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салаллаһу ғалейһи уәссаламға ризашылық, сүйіспеншілігімізді білдіру. Сүйіспеншілік танытқан жамағатқа Алланың рахымы түсері хақ.
Мұсылмандар үшін пайғамбардың туған күні зор қуаныш сыйлайды. Оның өмірі өнегеге толы. Пайғамбарымыздың хадистері осы сөзімнің айғағы.


 Қасиетті құранда Ағзаб сүресі 56 аятта «Расында, Алла және періштелер Пайғамбарымызға салауат айтады. Ей, мүминдер! Сендер оған (Мұхаммедке) салауат айтып және (шын) ықыласпен сәлем жолдаңдар» - деген деп ауданның бас имамы Мәуліт мерекесін келген көпшілікке  Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айту керектігін жеткізді. Облыстың уәкіл имамының Данияр Әлмағанбетұлының атынан құттықтау айтты. Ауыл имамдары Мұхаммед Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтты.
Кеште арнайы шақырылған Оңтүстік Қазақстан облысының «Асыл мұра» өнер орталығының рухани тәрбие беретін, ізеттілік пен мейірімділікке шақыратын бағдарламалық қойылымдары көрсетілді, діни өлеңдер айтылды.


Шара барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі, өнегелі істері туралы бейне ролик қойылып, келген көпшілікке діни кітаптар таратылды.
Ауданның бас имамы Ғ.Қуанышбекұлы асыл дініміз Исламның өркендеуі үшін, халқымызға имандылықты жанашырлықпен насихаттап жүрген бірқатар ауыл имамдары мен ауыл ақсақалдарын аудандық «Бәйдібек» мешітінің алғыс хаттарымен марапаттады. Мәуліт мерекесін өткізуге қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын айтты.
Мерекеге Аса ауылының әкімі, ауыл имамдары, ауданның қариялары, мектеп ұстаздары мен оқушылары, ауыл тұрғындары және жастары қатысты.


Жамбыл ауданы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімінің іс жүргізу
жөніндегі инспекторы       

Отыншиев Арнұр Көбейханұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: