Адамзаттың ардақтысы, күллі ғаламның рахметіне жіберілген, Жаратушының сүйікті елшісі, ең соңғы ахиреттік әз пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған күніне арналған мереке, мәуліт айының қасиеті ерекше. Мұсылман баласының шапағатшысы болған, пайғамбарымызға салауат айтып, мақтанышпен еске алып, ізгі ғұмырын ұлағаттау мұсылман баласының міндеті екені даусыз. Осы орайда, Киелі көне шаһар Тараз қаласында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі, «Һибатулла-Тарази» мешітінің ұжымы мен облысқа қарасты барлық аудандардың бас имамдарының қатысуымен, «Баласағұн» мадениет сарайында, Мәуліт мерекесі айырықша аталып өтті.
Мәуліт мерекесін әнмен әрлеп, сазбен түрлеген «Асыл Мұра» өнер орталығының азаматтары болса, кешті Бекзат Асан жүргізді. Арнайы мәуліт оқумен пайғамбарымызға салауат айтуға Алматы қаласынан Садырханов Жұманазар қари Өсерханұлы мен Айдар Қанон қари екеуі келді. Маулітті бастар алдында, залға тыныштық орнап, қасиетті Құран сүресі оқылып, Пайғамбарымызбен сахабаларына, ата-баларымыздың рухына дұға бағышталды.
Содан кейін, мәуліт кешінің алғашқы шымылдығын Тараз қалалық ішкі саясат басқармасының бастығы, Олжабаев Кенжебек Мамашбайұлының құттықтау сөзімен басталса, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туралы сыр шертіп, ғибаратты өміріне тоқталып, мәулітті атап өтудің маңыздылығымен қасиеті жайында, насихатқа толы баяндама жасады.
«Асыл-Мұра» өнер тобының әншілері, илахыи әндермен көпшілікті бір серпілітіп тастады. Сонау үрдісі ислам әлемінде һижри IV-V ғасырлардан басталатын, Ислам ғұламалары бұл жайлы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі орнын анықтауға тырысқан. Қазіргі таңда бұл мейрамды бір-екі мемлекеттен өзге барлық ислам әлемі ерекше мерекелейді. Тәуелсәіздік алған кезде, қайта қауышқан асыл дімізді қастерлеп, шариғат үкімдерін орындап, мерекелерін атап өтудің өзі, бірлігімізбен ынтымағымзға жемісі. Алла іргемізді тыныш, дінімізге қуат, кеудемізге нұрлы шуақ бергей.
Кешке келген залдағы барлық, кісілерге ҚМДБ-ның тарапынан арнайы шығарылған, уағыз-насихат дыбыс-бейне таспаларын тарту ретінде, барлық адамдарға тегін үлестіріліп берілді.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі,
«Һибаттулла Тарази» орталық мешітінің, баспасөз қызметі,