Жалғасын тапқан Мәуліт мерекесі.

Жалғасын тапқан Мәуліт мерекесі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы, Бірлікүстем ауылындағы «Бірлікүстем» мешітінде әз Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) дүниеге келген айына орай, Мәуліт күнін бірінші рет ауылымыздың мешітінде атап өтуіміз біз үшін айырықша мейрам.

 

Мұсылман қауымының Пайғамбарымыздың туған күнін бүкіл елімізде атап өтуі имандылыққа шындап бет бұруымыз деп есептеймін. Атап айтар болсақ, жаңадан келген Медет молда ауылымыздың имамы, жас та болса талабы бар, ибалы да, иманды азамат екен.  Келген күнен бастап жақсы қырынан көріне бастады. Мәуліт мерекесін атап өтуге осы  азаматтың  мұрындық болғаны сөзсіз.

 

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күнін атап өтуге Медет молда біраз ұйымдастыру шараларын жүргізіп, мешітте намаз оқылып, мешіт ішіне дастархан жайылды және  ауыл қариялары мен қарт әжелер келіп дастарханнан дәм татып, бата жасады.  Мешіттен сабақ алып жүрген жас шәкірт балалар құран аяттарынан дұғалар оқып,  Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауатар айтылды.

 

Ауылымызда болған осы ерекше Мәліт күні имадылыққа жол ашып отыр.


А.Смайыл,
Бірлікүстем ауылының  ақсақалы.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: