Марал Хантөреқызы «Иманды Алла сүймегенге берген бе?».

Марал Хантөреқызы «Иманды Алла сүймегенге берген бе?».

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

      Күн келеді көмектеспес жиғаның,
      Ара түсер сонда терген иманың.
      Парыздарды жас кезіңнен өте де,
      Сауапты істен өз-өзіңді тыймағын!

 

 

Иманды Алла сүймегенге берген бе?
Бос өткізіп уақытыңды сенделме!
Күн батыстан шыққан сәтте және де
Кеш болады жан алқымға келгенде.

 

Алла сөзі -ұмтыл, Кәрім- Құранға
Оны оқысаң, келер сабыр, шыдам да
Міндеттерін орындаған мүминдер
Аллаға әркез жағар, болар ұнамда.

 

Сұрақтарды Алла кімнен сұрар кем?
Ақиқаты ерте, кеш пе, шығар дем
Сол сәттерде: «Лә иләһә иллалаһ»
Деу орнына, тіл байланып тұрар мең.
Тура жолдан адаспайтын кім десең?
Жүрген пенде сүннет және Құранмен!

 

Жақсы сөйлеп, ойлан әсем тілектен
Амал жасап,шын ниетпен.,жүрекпен
Дін туралы айтар болсақ, осы орай
Ислам діні құралған бес тіректен.

 

Ең бірінші тірек-иман, біл, адам
«Өзге Тәңір жоқ»- деп айту «Алладан»
Куәлік сөз толығуға жөн болар
«Елшісі Оның Мұхаммед»деп жалғаған.

 

Ислам діні болғандықтан таза дін
Шаршамастан, насихаттап жазамын
Қияметте ең бірінші сұралар
Жүрек нұры, рух азығы намазың.

 

Намаз деген-басты діннің тірегі,
Ғибадаттың кереметі жүрегі,
Бес уақытта елу намаз сауабы 
Бар екенін «мүмин пенде» біледі.

 

Намазсыз жан екі өмірде қиналат,
Намазбенен жанға азық жиналат.
«Көздің нұры»-деген Елшім Мұхаммед
Өйткені бұл- шүкірі көп ғибадат.

 

Шүкір айту- адамдықтың жалауы
Алла алдында «қарызбын» деп санауы
Мадақ айтып, ғибадатпен қайтару
Шүкірліктің мағынасы, балауы.

 

Отыз күнге  ішіп -жеуден тыйылған.
Бір Аллаға серік қоспай, сыйынған
Бар үшінші тірегің, ол -ораза
Оны ұстасаң,қорықпайсың қиыннан.

 

Кешке дейін азық пен су құшпаған
Разылығы үшін Оның ұстаған
Пенделерін Мейірімді де Ұлы Аллам
Ыстық,суық ,шөлден де бір қыспаған.

 

Рамазаным -ай сұлтаны саналған.
Лағнет атқыр, шайтандар да қамалған.
Есіктері жәннаттың да ашылып,
Мейірімділік толы сезім жаралған.

 

Байланысы адам менен Алланың
Дейді Алла:»Тек мен үшін арнадың»
Өзі берер, сауабын да өзі өлшеп
Нәпсің басып, сауаптан құр қалмағын.

 

Одан кейін -парыз еткен зекетің,
Зекет берсең, тоқ тіршілік етесің.
Шайтанға ерсең, «аш-жалаңаш қалам» деп
«Тозақ» атты от-жалынға кетесің.

 

Зекеті жоқ өмірдегі байлығың,
Ахиреттте азап пенен қайғы -мұң,
Қияметте сол байлығың жылан боп
Оралатын мойыныңа жайды ұғын!

 

Алла алдында бір әкім де, бастық та
Ұшыратпай өз-өзіңді қастыққа
Зекетіңді беріп жүргін ұмытпай
Болмас үшін , жоқшылық та, аштық та.

 

Ал бесінші парыз болған жазылып
Нәсіп етсін, Алла бізді «қажы»қып.
Шамасы бар адамдарға зиярат
Ету парыз-умра менен қажылық.

 

«Мұсылманмын» деген сезім бар адам
Қажылықты армандаған, қалаған.
Қабыл болса, күнәсінен тазарар
Анасынан туғандай боп жаңадан.

 

Қажылыққа қаржыларын қимаған.
Ахиретте көп сұрақты жинаған.
Ниеттің де шынайысы болса егер
Амалсыз да жәннатты Алла сыйлаған.

 


Ислам дінім -барлық діннен биіксің!
Мен өзіңді шын ниетпен сүйіппін!
Бір Алллаға құлшылығын арнауды
Мұсылманнның баршасына бұйыртсын!


Марал Хантөреқызы,

студент.
Жамбыл облысы, Меркі ауданы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: