Қаратау орталық мешітінде салауат оқылды.

Қаратау орталық мешітінде салауат оқылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құранда: «Алла мен оның періштелері міндетті түрде пайғамбарға салауат айтады. Уа, мүминдер! Сендер де оған салауат айтып, шын көңілмен сәлем жолдаңдар!» делінген («Ахзап» сүресі, 56-аят). Мұндағы  Алла Тағаланың  «салауат» айтуы - «рақымет»,  «мейрімділік», періштелердің салауат айтуы - Алла Тағаланың кешірімін сұрау,  мүминдер тарапынан  болса «жақсы дұға тілеу» мағынасын береді. Сондай-ақ бұл аят Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) салауат айтудың қаншалықты маңызды екенін айшықтап беруде. Әрі салауаттың Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үнемі айтылатынын да ескертіп тұр.


Талас ауданы аудандық «Қаратау» мешітінде қасиетті жұма күні  жамағат және  ауданың бас имамы Н.Алиев,  орталық мешітінің наиб иамамы А.Оразбаев  «Әбдібай ата» мешітінің имамы Ж.Сейдуалиев Дін танушы  Қ.Жұманов  Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)  салауат оқыды.

Сонымен қатар,  Алматы маңында  апатқа ұшыраған Көкшетау - Алматы бағыты бойынша қатынайтын «СКАТ»  әуе компаниясының жолаушылар ұшағында мерт болған 21 отандас бауырларымызға дұға жасап, құран бағышталды.

 

Н.Алиев,

Талас ауданының бас имамы.

                                                    

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: